Кәсіпкер 50 млн теңгеге балабақша салып берді

2.jpg


Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында жаңа үлгідегі балабақша ашылды. Мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында бой көтерген нысанда енді Тұрбат ауылының 100-ге тарта бүлдіршіні тәрбиеленетін болады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Меруерт ана» бөбекжай балабақшасын салуға кәсіпкер Адас Исакулова өз қалтасынан  50 млн теңгеге жуық қаражат жұмсаған. Соның арқасында мектепке дейінгі мекеме жарты жылда есігін айқара ашты. Заманауи технологиямен қамтылған бөбекжайда бүлдіршіндер үшін барлық жағдай жасалған. «Балапан» бағдарламасы аясында салынған бақшада балаларды тасымалдау жағы да қарастырылған. Нысанның жалпы жер аумағы 0,45 гектарды құрайды.


3.jpg


«Бүгінде балабақша 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Мұндағы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 60 мың теңгені құрайды. Жалпы мекеме бөбекжайға арналған барлық құрал-жабдықтармен қамтылған. Психологтар мен деициналық кабинеттеріміз бар. Енді осы мүмкіндікті пайдалана отырып, балғындарымызға сапалы білім, саналы тәрбие берумен айналысамыз. Оларға үш тілде білім беру жағын қарастырмақпыз», - деді кәсіпкер Адас Исакулова.

Айта кетейік, бүгінде Қазығұрт ауданында 13 мемлекеттік, 55 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Өткен 2017 жылдың өзінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Балапан» бағдарламасымен 33 балабақша пайдалануға берілді. Нәтижесінде балаларды балабақшамен қамту деңгейі 87,5 пайызға жеткен. Биыл бұл көрсеткішті 90 пайыздан асыру көзделіп отыр.

4.jpg


Ұқсас тақырыптар