Ахаңның арғы бабасы – Үмбетей батыр

1.jpg

Ахметтің ұлы бабасы – Үмбетей қазақ елі мен қалмақтар соғысқан шайқаста қол бас­та­ған батыр кісі болған. 

Байсейіт атадан жалғыз, оның әкесі Қалқаман Көшейұлы (5 ағайынды). Қалқаманның сүйегі – Арғын (6 ағайынды). Үмбетейден – Аралбай туады, одан – Таңбай, Таңбайдан – Шошақ туған. Шошақтың баласы – Байтұрсын, Байтұрсыннан – Ахмет туған. Ахаң тарихта есімі мәшһүр тұңғыш тархан Жә­нібекпен түбі бір, текті атаның балалары. Қош­қар ұлы Жәнібектің атасы – Көшей, бабасы – Шақ­шақ. Жәнібек пен Ахметті таратып алатын түп-тегіміз де, осы ұлы баба Шақшақтан бастау алады. Жәнібек батыр Шақшақтың шөбересі болса, ал Ахмет – Шақшақтың то­ғызын­шы тармақтағы үрім-бұтағы, яғни жал­ғас­ты ұрпағы. Ахмет әке-шешеден төрт аға­йын­ды. Оның өзінен үлкен ағалары: Қали (1868-1925) мен Кәкіш (1869-1924), кіші інісі Мәшен (1873-1930) болса, орталарын­да жалғыз қарындастары Зиляш 1876 жылы дүниеге келген. Зиляш Байтұрсынқызына топырақ Алматыдағы әйгілі «Кеңсай» мұсыл­ман­дар зиратынан бұйырған.


Ұқсас тақырыптар