Карлаг тарихының құжаттары электрондық нұсқаға көшірілуде

2.jpg

Қарағанды облысында Карлаг тарихының құжаттары сандық жүйеге ауыстырыла бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімнің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жобаны Шахтинск қаласының кітапханашылары жүзеге асыруда. Арнайы осы мақсатта мекеме жоғары атқарымды жылдам сканер сатып алған екен.

«Рухани қазына» қосалқы бағдарламасы бойынша біз «Карлаг цифрлық форматта» жобасын құрып, қорғадық. Ол бір бет мәтінді 0,3 секунд ішінде тамаша сапамен электрондық нұсқаға ауыстыруға мүмкіндік береді, - дейді Шахтинск қаласының кітапхана директоры Ирина Калинина.

Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражаймен келісім бойынша кітапханашылар олардың материалдарын сандық нұсқаға ауыстыруды бастады. Бірінші кезеңде электрондық форматқа шамамен 400 кітап және газет басылымдарын ауыстыру жоспарланып отыр. Мұражай қорында 30-шы жылдардағы газеттер бар: латын қарпімен жазылған мақалалары бар «Жаңа жол» және «Путёвка» гезеттері.

Келесі кезекте тарихи құжаттар сандық нұсқаға көшірілетін болады: НКВД бұйрықтары, қуғынға ұшырағандардың хаттары және т.б. Сонан соң олар құжаттарға кез-келген ниет білдіруші Орталық кітапханалық жүйе сайты арқылы қол жеткізе алады.

2019-шыжылға тағы бір жоба жоспарланып отыр: «Цифрлық форматтағы кітапхана». Шахтинскіліктер электрондық форматқа өздерінің сирек кездесетін және ескі басылымдарын, сондай-ақ өлкетану материалдарын көшіре бастайды.

«Біздің кітапханамызда құнды әдебиеттер бар. Мысалы, 1897-ші жылы басып шығарылған «Передвижники» кітабы, оның таратылымы небары 100 дананы құрайды. Әдеби басылымдар сандық нұсқаға ауыстырылады», - деп атап өтті Ирина Калинина.



Ұқсас тақырыптар