Алақ кɵтерілісі

4.jpg

Алақ көтерілісі — бұрынғы Семей губерниясы Қызылтас ауданының орталығы Қызылкесік ауылы тұрғындарының Кеңес өкіметінің күштеп коллективтендіру саясатына қарсы 1931 жылы болған бой көтеруі.

 Көтеріліске қазіргі Ақсуат және Көкпекті аудандарының тұрғындары да қатысқан. Олардың арасында осы өңірде елге беделді, кезінде Омбы Орталық фельдшерлер мектебін 1885 жылы бітірген, 1911-1920 жылдары Зайсан уезі Өкпекті болысының болысы болған Жәкула Күшікұлы, Зайсан уезі Боғас болысының болысы болған Мұқыш Қуанов, Қасым Қозыбаев т.б. белгiлi азаматтарда болған.

Кɵтерiлiске ОГПУ қызметкерлері Тайыс қажыны атып өлтірiп, елдің мал-мүлкін заңсыз тәркілеу, күштеп ұжымдастыру және басқа да заңсыздық пен жүгенсіздік себеп болып, жергілікті халықтың ашу-ызасын тудырды.

Қызылтас аудан тұрғындарын қамтыған көтерілісті басуға Көкпектіден жіберілген ОГПУ және милиция қызметкерлерімен қақтығыста жазалаушы отрядтың басшысы Кулюкин, қызыл командирлер Зезев, Чешмаркин оққа ұшады. Тірі қалған отряд мүшелері қашып құтылды.

 Алайда, Кеңес үкіметіне қарсы тұра алатын күштері жоқтығын түсінген көтерілісшілер көп ұзамай Қытайға асып кетті.

 Алақ көтерілісін басуға Көкпектіден шыққан жаңа отряд бастығы Протопов бейбіт ауылдарға оқ жаудырып, атқа мінген қазақтың бәрін “бандыға” санап, қырғынға ұшыратады. Осыдан кейін Алақтағы қанды қырғын Саршоқы оқиғасына ұласады. Зорлық-зомбылықтан үдере көшкендерді Нарын өзені бойындағы Саршоқы деген жерде қуып жеткен қызыл әскерлер пулемет оғының астына алып, жусатып салады.

Материал Фейсбуктегі

 Тарихқа толы Тарбағатай парақшасынан алынды


Ұқсас тақырыптар