26 ақпанда қазақ зиялыларының ең соңғылары атылды

3.jpg

Өткен аптада қазақ елі үшін айтулы дегенімен, айшықталып, аталып өте бермейтұғын даталардың бірі өтті! 26 ақпан! Қазақтың ең соңғы интелегенттері атылған күн. Қателеспесем 37 адам оққа байланды. Оның ішінде алаштың аяулы ақыны, жазушысы Бейімбет Майлин мен Жүсіпбек Аймауытов та бар! 

Сол  отызыншы жылдардағы репрессияға қарасам маған бір ой келеді. Интеллигенцияны тап жауы деп аттырған Большевиктерің не, қазіргі ДАИШтегі баскесер содырларың не, айырмасы жоқ сияқты. Себебі 15 минутта үкім айтылады, ал айыптының өзін қорғауға құқығы жоқ. 

Сол репрессияны жүргізгендердің өмір-баянымен танысып шықтық. Дені  4-ақ класттық білімі бар, шаласауаттылар. Сондай тар саналылар, қазақтың небір алыптарын соттап жібергеніне ішің ашиды. 

 1938 жыл 26-шы ақпан. Қазақтың сақа саясаткерлерін қырып бітірген қызыл Өкімет, дәл осы күні ақын-жазушыларды жапырып атты. Саясатта қақ-соғы жоқ ақын-жазушыларды не үшін қырды?! Өйткені, олар  1921-22-дегі 3 миллион қазақты жалмап кеткен ашаршылық туралы, жабық, тиым салынған тақырып болса-дағы жазып еді. Большевиктер Қазақстандағы жағдайды әлем біліп қойды деп, шабына шоқ түсті. Ондай «сатқындық» жасағандар аман қалмауы керек еді. 

«Осыған байланысты шындықты Кеңес Үкіметі жасырды. Әлемдік баспасөзге шықпауы керек еді. Бейімбет Майлин «Күлпаш» туралы әңгімесінде айтып қойды. Жүсіпбек Аймауытовтың «Жаңабайдың жантағы» деген трагедияда да осы құпия айтылып қойды. Сәкен Сейфуллиннің «аштардың елесі» деген әңгімесінде ашып, ашық айтты» - дейді мағжантанушы Бақыткамал Қанарбаева. 

 Аштық дегеннен шығады. Сол 1921-22-дегі аштықта 3 миллионың не, қазақ түп-тұқиянымен қырылып қалар еді?! Себебі, Қызыл Өкімет  қашан қырылып, бітесің,-деп күтіп қана отырды. Осы кезде, Алаш қайраткерлері  бейресми түрде, ашаршылыққа қарсы комитет құрып: малды елден мал жинап, ашығып отырған жұртқа таратып берді. Сөйтіп, коммунистердің алғашқы «қазақсыз» Қазақстан дейтін план-жоспары болмай қалды. Бірақ, 1929-шы жылы коммунистер екінші рет, аштық ұйымдастыруды жоспарлады. Енді бұ жолы, оқығандар көмектеспесі үшін, оларды қамады...

СҰЛТАН-ХАН АҚҚҰЛЫ  АЛАШТАНУШЫ:

«1929-шы жылы Ахмет Байтұрсынұлы бастаған бүкіл зиялылары тұтқындалып Мәскеуге әкетіледі. Неге тұтқындады? Бұл нені білдіреді? Осының бәрі қазақты біртіндеп аштыққа әкелу керек. 32-де ешкім көмектесе алмай қалды. Мәселе сол. 32-де қараңыз. Көзіқарақты қазақтың бәрі қайда болды? Тұтқындалмағаны болса, бәрі Мәскеуде жүрді»

Әне, оқығандар, зиялылар барда қазақ қандай тозақтан да аман қалатын. Қалай интелегенттері түрмеге түсті, қазаққа ауыр азап келді...Жә, қазақ репрессияда қанша ақылдысын жоғалтты, өзі?!

ҚАЙЫРБЕК КЕМЕҢГЕР  ҚОШКЕ КЕМЕҢГЕРҰЛЫНЫҢ ҰРПАҒЫ:

«Ресми деректерге сенсек, сүргін жылдары Қазақстанда 120 мың адам репрессияға ұшыраған. Оның 25 мыңнан астамы атылған. Дегенмен бұл мәлімет әлі де нақтылауды қажет етеді». 

Алашордашыларды айтамын да... Өздерін топас, сауатсыз коммунистер тірі қоймайтынын білді. Біліп тұрып, елде қалды. Олардың шетелге қашып кетуіне, сонда бақуатты өмір сүруіне ақылы да, ақшасы да жететін еді. Жоқ өйтпеді. Елде қалды. Жəй қалған жоқ, атып тастағанша қазаққа пайда келтірейік,-деп, оқулықтар жаза бастады.. Əліпби, психология, физика қысқасы қазақтың оқушысына керек болады деген кітаптарды аударды, жазды. Не деген жанпидалық десеңші?! 

СҰЛТАН-ХАН ХАҚҚҰЛҰЛЫ  АЛАШТАНУШЫ:

«Алаштықтар атылып, арман-мұратына жете алмай арманда кетті, деген сөз бар. Ол адасқан пікір. Неге десеңіз, ұлт интелегенттері 30-шы жылға дейін, негізгі стратегиялық мақсаты  қазақ мемлекеттігінің іргетасын қайта көтеру дегенге жұмыс істеді. Мақсатына жетті ме? Иә! Автономия ретінде болсын. Автономия деген ол мемлекет».

«Мұның бәрі бос сөз. Белгілі мөлшерде сол іздеушілер мемлекеттен ақша бөлгізіп алып, қыдырып жүрулері үшін де ұйымдастыруы мүмкін. Осы жағын ескеруі керек. Сосын фамилия мен аттар сәйкес келе береді» - дейді мағжантанушы Бақыткамал Қанарбаева. 

«Олар тірі қапты, дейтін аңыздардың тууына тағы бір себеп бар. Халық өзінің жақсы көретіндерін, өлдіге қимайды ғой. Кезінде КСРО жұрты, Гагарин өлмепті деп, аңыз шығарды емес пе? Бұл да бір сондай, қиял ғой. Енді біреулер бар, әдейі өтірік таратқан...» 

ТҰРСЫН ЖҰРТБАЙ  АЛАШТАНУШЫ

«Сол кезде сотталып, жазасын өткеріп келгендердің әңгімесі бар. Мысалға Бісмілла Балабеков деген халық әншісі болды. Опера әншісі. Соның естеліктер жинағын маған редакциялап беріп, мен Жанболат Аупбаевқа өтініп, редакцияладық. Сол кісі өзінің әңгімесінде айтып отырады.  Мен, айдалып кеткен жерден қашып кеттім. Содан бастап, 50-ші жылдарға дейін, ел аралап күн көрдім. Бірде соқыр болам. Бірде ақсақ болам. Бірде сау болам. Қай елге келем, қарап отырам. Ілияс болса, Ілияс тірі деп туысқандарының үйінде жатып, сол туралы әңгімелер айтам. Сәкен Сейфуллин болса, ол туралы айтам. Бірақ ең соңында, мынау Балқаштың бойында, бір келіншек: Ойбай мынау былтыр келген ақсақ адам ғой. Биыл соқыр боп кепті ғой,-деп танып қойды. Іле қашып кеттім. Бірақ ұстап алды,-дейді. Осындай аңыздар болуы мүмкін»

Көп таралған әңгіме бар: қазақтар бір-бірін көре алмайды, бір-біріне жауыз болған, бір-біріне басқалармен салыстырғанда көбірек "донос" жазған дейді. Осы қайдан шыққан? Оны кім айтты? Біз әдейілеп Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан деректерін көріп шықтық. 

БЕРІК ӘБДІҒАЛИ  САЯСАТТАНУШЫ

«Менде осы әңгімені естігем. Бірақ, былтыр Ташкен қаласында болдым. Арнайы кешен, үлкен ескерткіш. Бізден артық болмаса, кем емес. Атылған жерлері үлкен. Атылғандарға үлкен ескерткіш ашыпты, Ташкеннің түбінен. Сол кезде қарадым. Бізден ешқандай кемшілігі жоқ».

Жә, біраз жерге барып қалыппыз. Енді тоқ етеріне келсек. Қазір, сол 120 мың зиялы, ақын-жазушымыз, саясаткерлеріміз толық ақталды. Олардың шығармашылығына қойылып отырған бөгет жоқ. Беймібетті, Сәкен, Мағжанды да шама-шарқынша зерттеп жатырмыз. Бірақ, мәселе сол  зерттеудің мазмұнында, жаңалығында. Сәкен ақталғалы 70 жылдан асып кетті. Қирабаевтың, марқұм Кәкішевтің жаңалығына не қостық? Сол ашылғандарға қосымша, арыстар туралы алабөтен қандай мәліметтеріміз бар? ЖОҚ! Тек бір таптаурынды алады да, соны үстірт, еріннің үстімен... Мағжан-ай, Сәкен-ай, Ахаң, Әлихан-ай деп келеміз. Әне, келесі жылдардың міндеті осы!


Ұқсас тақырыптар