Жаркенттегі «Жауынгерлік Даңқ музейі» – жәдігерлер қоймасы

Мыңдаған жылдардың құпия сырын бауырына бүккен өңіріміздің өткенінен хабар беретін, заттай деректерді халық назарына ұсыну жуапкершілігін өз мойнына алған, Алматы облыстық мәдениет басқармасына  қарасты «Жауынгерлік Даңқ музейі» аудан жұртшылығы алдындағы міндетін аброймен атқаруда. Нақтырақ тоқталып өтер болсақ, Алматы облысы әкімінің 2011 жылдың 25-ші қаңтарындағы №19 қаулысы негізінде осы жылдың наурыз айынан бастап құжаттарды жинау, рәсімдеу жұмыстарын қолға алған болатын. Сөйтіп, қаулы жүзеге асып, музей ғимараты Жаркент қаласы, Ә.Қастеев көшесіндегі №12 үйге орналастырылды. Ғимараттың іргетасы өткен ХХ ғасырдың 1963 жылдары қаланған, жалпы ауданы - 291.7 шаршы метрді құрайды.

1.JPG

Нәтижесінде, қара орман қазақ жұрты Жер жәннәты Жетісу деп әспеттеген қасиетті өлкенің шұрайлы аумағында орналасқан Жаркент шаһарында 2013 жылдың 7-ші мамырында тағы бір тарихи мұражайдың ашылу салтанаты өңір жұртшылығын үлкен қуанышқа бөледі. Осынау  қойнауы құпияға тұнған тарих пен шексіз шежіреге толы Жаркент өңірінде уығы қадалып, шаңырағы көтерілген руханият ордасының ендігі келешек ұрпақ тәрбиесіндегі атқарар қызметі де орасан зор. Әлемге әйгілі Шығыс пен Батысты жалғаған, адамзат өрениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Ұлы Жібек жолының да бұл аймақты қақ жарып өтетіні және бар.

Мемлекет тарапынан қолдау көріп отырған бұл мекемеге сыртқы абаттандыру мен ішкі жөндеу жұмыстарына мемлекет қаражатынан 11 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп, үлкен күрделі жөндеуден өткізілді. Ішкі көркемдік үйлестіру дизайнерлік жұмыстарына 6 млн. 938 мың теңге жұмсалып, бүгінгі күні ғимараттың сыртқы және ішкі келбеті әсемденіп, көз тартарлық жағдайға жеткізілді.

Музейдің басты мақсаты – алдыңғы толқын ағалардың Отан қорғаудағы жанқиярлық өшпес ерліктері арқылы еліміздің болашақ жастарын отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, ауданымыздың, еліміздің тарихын хронологиялық жүйелі түрде дәріптеу және насихаттау болып табылады.

Музей қызметкерлері мекеме жарғысында көрсетілгендей әркім өз қызметіне қарай мақсат-міндеттерін негізге ала отырып іске кірісуде. Мәселен, ғылыми зерттеу, экспонат жинау және қормен жұмыс, ғылыми экспозициялық пен көпшілік-ағарту баспасөз жұмыстарын жүргізумен қатар, өңір шежіресін жұртшылыққа жан - жақты дәріптеу ісі  және бар.

Өне-бойы тарихқа толы туған өлкеміздің кейінгі ұрпағына ата – бабадан қалған рухани құндылықтары жайында шертер сыры мен айтар өнегесі мол екендігі баршаға аян. Осынау қасиетті міндетті мойнына алып отырған  «Жауынгерлік Даңқ музейі» өз міндетіне белсене кірісіп көпшілік көңілінен шығуға бар күш жігерлерін жұмсауда. Алғашқы ашылған күннен бастап-ақ музейлік маңызы бар материалдар мен қорлар қатары үздіксіз ізденістер арқасында біртіндеп толықтырылып келеді. Мекеме  қызметкерлері музей қорын тарихи құндылығы жоғары, шежірелік  мәні - маңызы бар заттармен жабдықтаумен қатар қазақ және Қазақстан халықтарының әскери өнері, ерлік істері мен қару-жарақтарын жан-жақты насихаттауды өз міндетеріне алып, күн тәртібіне қойып отыр.

Жылдан – жылға музейлік маңызы бар материалдар қоры қалыптасып, бұл өлкенің ғасырлар қойнауынан бастау алатын әлі көпке беймәлім болып келген руханият маржандары мен шешуі табылмаған жұмбақтарға толы тарихына сай заттар мен экспонаттар жиналып, хронология бойынша жүйеленді. Мұражай 4 экспозициялық залдар мен мазмұнына қарай бірнеше бөлімдерден тұрады. Жиналған экспонаттар қоры әр кезеңге бөлініп туған жер тарихын реттілігі бойынша тізбектеу үшін музейдің экспозициясы төмендегі тақырыптық құрылымдар  бойынша  құрылды.

2.JPG

Музей бөлімдері:

Фойе – «Тәуелсіздік шежіресі» - Онда Алматы облысы ерлерінің ерлік жолдары мен Панфилов ауданының тарихы және табиғат ландшафты туралы сыр шертіледі.

І зал – Тақырып: «Ел ішіндегі атақты Жетісулық батыр бабалар» жайында бүкіл ақпараттар мен ғылыми жұмыстар тізбегі  ұсынылған.

Түрік қағандығының  құрылу тарихы залында түркі мемлекетінің құрылуы және оның негізін қалаған қағандар, сақтар мен ғұн тайпаларының тарихынан келушілерге сыр шертіледі.

ІІ залда - «Қазақ хандығының құрылуы»

III залда - Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.

«Жетісулық батыр бабалар» бөлімінде – Сақ патшайымы Тұмардың бейнесі мен сақ тайпалары мекендеген территорияның картасы және олардың қару-жарағы, әлемге әйгілі Алтын адамның кескін графикалық бейнелерімен безендірілген. Сонымен қатар Ғұн империясының билеушісі Мөде, Түрік қағанатының негізін қалаған Бумын қағанмен оның тақ мұрагерлері Естеми, Күлтегін, Тоныкөк, Үйсін Бәйдібек пен қыпшақ Бейбарыс секілді тағы басқа арғы бабаларымыз болып келетін ұлы тұлғаларамыздың портреттері ілінген. Және де Батыс Ғұн империясының егесі Аттила мен оның қоластына қараған Еуропа мемлекетері аумағының картасы, жорық сәттері түрлі түспен нақышына келтіріліп суреттелген.

«Қазақ хандығының құрылуы» бөлімінде – Қазақ мемлектілігінің негізін салушы Керей мен Жәнібектің, Жалаңтөс баһадүр, Салқам Жәңгірмен қатар Ескелді би, Қабылиса жырау, Қазыбек бек Тауасарұлының суреттері мен қазақ сарбаздарының бес каруы топтамасының  экспозициясы  және жоңғармен болған Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ жауынгерлерінің  жанқиярлық  ерлігін айшықтаған теңдессіз сұрапыл соғыстар – Аңырақай мен Орбұлақ шайқастарының үлкен форматтағы полотнолары  да осы залға  орналастырылған. 

Сонымен қатар, Алматы облыстық мәдениет басқармасы бөлген 1 млн. 800 мың теңге көлеміндегі қаражатқа Ұста Дәркембай музейінің директоры Дәулет Шоқпаров дайындаған «Бес қару» атты ең үздік қолөнер туындылары топтамасы, яғни 18 экспонат сатылып алынып көпшілік назарына ұсынылып тұр. Олардың қатарында:

1.Айбалта

2.Шоқпар

3.Садақ, садаққап қорамсағымен

4.қылыш

5.Кісе белбеу

6.Қалқан

7.Білтелі мылтық

8.Жеңсе

9.Сақпан

10. Шәңгек

11.Дүре

12.Қанжар

13.Қамшы

14.Сойыл

15.Босмойын

16.Сылқетер

17.Сауытбұзар

18.Найза

Бұл залда қазақ сарбаздарының қару – жарақтарын, мысалы: садақ, қылыш, найза, шоқпарларды шайқастарда, ат үсті жекпе-жекте қалай қолдану керектігі туралы суреттер мен ақыл – кеңестері  де ұсынылған. Және де қазақ әскерлерінің басқыншыларға қарсы қолданған «Үлкәр жәрлік», «Құйрық жеу» тағы басқа көптеген соғыс тактикалары жайлы түсініктер беріліп, сонымен қатар жоңғарларға қарсы азаттық соғыстың көрнекті өкілі қазақ батыры Қаракерей Қабанбай батырдың жиені Тілеке батырдың кісесі де ұқылыптылықпен орналастырылған.

3.JPG

Сондай-ақ, туған жер үшін түн қатып жалаулы найзаларын қолдан тастамаған жергілікті халық батырлары – Сатай, Бағай, Аралбай, Бөлек, Қабанбай, Райымбек батырлардың бейнелері бұл залға ерекше көрік беріп тұр.

Келесі зал тақырыбы: Жетісу жерінде Кеңес өкіметінің орнауы – деп өз атауы айтып тұрғандай: бұндағы сурет көрмелерде «1916 жылғы Ұлт – азаттық көтерілістің ошақтары» яғни, Т.Бокин, Ұ.Саурықов, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетовтардың бейнелері мен «Жетісу Кеңес үкіметі дәуірінде» (1917 – 1991 жж.) және сол кезде тұтынылған қару – жарақтар – бесатар, тапанша, зеңбіректердің суреттері, жазбаша ақпараттар бірге ондағы Кеңестік большевиктердің белсенділері - Ы.Көшкінов, Қ.Чанышев тағы басқалармен қатар «Черкасск қорғанысы» туралы біршама тарихи деректермен толықтырылған. Және  де көпшілік назарына ұсынылған:

Жетісуда Кеңес үкіметін орнатуға ат салысқан Ыдырыс Көшкіновтың жеке заттары:

1.       Портфельі

2.       Фото суреттері

3.       Құжаттары

4.  БАҚ өнімдері

Сондай-ақ, Кеңес дәуірінде Алматы облысынан Ауған соғысына қатысқан интернационалист-жауынгерлер, олар туралы альбомдар, тұтынған әскери құралдар – рация, киімдері, ас ыдыстары және Ауған соғысының ардагері Шыңғыс Сатқалиевтің жеке заттары  мен Қазақстанның «Халық қаҺармандары» Б.Момышұлынан бастап, Т.Әубәкіров бастаған қазақ ғарышкерлерінің суретін тамашалайсыздар. Тәуелсіз Қазақстанның қарулы күштері және Қазақстанның одақ көлемінде есімдері дәріптеліп, мемлекеттік марапаттарға ие болған, есімдері әйгілі даңқты тұлғалар туралы  мәліметтер топтамасы берілген. 

III-зал – Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.

Бұл залда ІІ - дүние жүзілік соғыс жылдары Қазақстаннан және біздің аудан аумағынан округтер бойынша Ұлы Отан Соғысына аттанған кісілер жайлы «Ешкім де ұмытылған жоқ, ешқашан ұмытылмайды!» айдарымен қысқаша ақпараттар берілген.  Сондай-ақ, ең құнды экспонаттар қатарында: Мурманск, Севастополь, Тула, Керчь, Одесса, Смоленск, Брест, Новороссииский қалаларының соғыс далаларынан әкелінген арнайы құжаттармен рәсімделген  киелі топырақтар мен соғыс даласында шырқалып жауынгерлерге қуаныш сыйлаған рухты әндердің пластинкалары да бар.

Аталмыш соғыстаерен ерлігімен бүкіл одаққа үлгі болған 28 Панфиловшы батырлардың суреттері, мәңгілік алау мен Ұлы Отан соғысының әр кезеңдерін бейнелеген:

1. Бәрі де майдан үшін

2. 1941 – 1945 жж. Гитлерлік Геманияныңң жеңілуі

3. Батыр жерлестеріміз

4. Сталинград түбіндегі шайқас

5. Брест қамалын қорғауға қатысқан жерлестеріміз - атты кескін графикалық суреттер топтамаларымен қатар 28 панфиловшы батырлардың майдан даласындағы жанқиярлық ерлігінің көрінісін айшықтаған «Москва түбіндегі шайқас» диорамасы берілген.

Атап айтар болсақ, 1 млн. 200 мыңға тарта Қазақстандық армия қатарына қосылып әрбір бесінші адам майданға аттанды. Және ол кісілердің 500-ден астамы  КСРО-ның ең жоғарғы марапаты Кеңес Одағының батыры атанды, сол 500 асқан батырлардың 50-ден астамы Алматы облысының тумасы болса, олардың сегізі -  Х. Көбіков, Қ. Тышқанбаев, А. Пащенко, С. Лутфуллин. Н.Иванов, И. Каратаев. П. Поросенков, П. Хмелев біздің Панфилов ауданынан шыққан ер азаматтар еді.

ҰОС жылдарына арналған залда орын алған экспонаттар:

1.       Жауынгер каскасы

2.       Тікенек сымының қиындысы

3.       Граната

4.       Бомбаның жарықшақтары

5.       Оқ гильзалары

6.       ППШ автоматының оқ салатын қорабы

7.       Мылтықтың  стволы

8.       Рация

9.       Телефон

10.   Миск (әскери тамақ ішетін тостаған)

11.  Кружка

12.  Жауынгер күрегі

13.  «Панфиловцы» Алматы. «Жалын» баспасы. Усенов.

14.  Соғыс қалаларынан алынған киелі топырақтар.

Ұлы Отан соғысының ардагері Жақып Дадайұлының жеке заттары:

1.       Фото суреттері

2.       БАҚ өнімдері

3.       Грамоталары

4.       Ордендері

5.       Медальдары

6.       Жеке бас құжаттары

7.       Бас киімі (Шляпа)

8.       Жұмыс телефоны

9.       Галстугі

10.   Түрлі сувенирлері

Ұлы Отан соғысының ардагері Молақов Уәштің жеке заттары:

1.       Костьюмі

2.       Ордендері

3.       Медальдары

Ұлы Отан соғысының ардагері И.Е. Смоленскийдің жеке заттары:

1.       Медальдары

ҚР Көркем академиясының мүшесі, ауданға танымал суретші, өнер жанашыры: Көшербаев Болысбектің жинақтап музейге әкеліп өткізген көненің көзі болған тарихи жәдігерлері: (Қазақ хандығының құрылуы залында орын алған экспонаттар).

1.       Күміс оюлы ертоқым.

2.       Ыңыршақ.

3.       Жез құмыра.

4.       Астау, бидай қалақ.

5.       ХІХ ғасырға жататын ат әбзелдері

6.       ХІХ ғасырға тиесілі ыдыс – аяқтар.

7.       Тас құралдар.

8.       Келі – келсап

9.       Мыс тегеш, шәугім

10.   Қыш құмыралар (Үйсін дәуірі)

11.   Ағаш төсек

12.   Жүкаяқ

13.   Кимешек

14.   Үтік

15.  Төсек жапқыш (шілтермен тоқылған)

16.   Насыбай үгітетін ағаш ыдыс

17.   Металл ерітетін шойын ыдыс

18.  Үзеңгілер (үш түрлі)

19.   Темір тістеуік

20.   Қыш кесе (Үйсін дәуірі) тағы басқалар

Желтоқсан құрбаны Ербол Сыпатаевтың жеке заттары:

1.       Суреттері

2.       БАҚ өнімдері

3.       Дипломаты

4.       Жеке құжаттары

Желтоқсан құрбаны Ләззат Асанованың жеке заттары:

1.       Домбыра үйірмесіне  қатысқандағы суретінің көшірмесі.

2.       Жедел хат.

3.       Ұлттық киімі.

4.       Домбырасы.

5.       Қобызы.

6.       Достарының сыйға берген сувенирі.

7.       Нота дәптерлері.

Жалпы, «Мәңгілік ел» патриоттық жобасы аясындағы Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыруға арналған жылдық іс –шаралар жоспары жыл сайын жасалады. «Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу мен насихаттау үшін ұлтымыздың тарихы мен ұлт жанашырлары туралы экспозиция залдарына тақырыптық экскурсиялар жүргізіліп үнемі жаңартылып насихатталып тұрады.

Экспозиция залдары келушілерге қойнауы құнды жұмбаққа толы өлкеміздің тарихына терең бойлап, әр кезеңінде де «Елім, жерім» деп аянбай күрескен жауынгер бабаларымыздың  ерен ерлігі мен тағылымды өмірлерін келешек ұрпаққа ғибрат-өнеге ету. Қай шайқастарда болмасын халық бірлігі, тұтастығы және еліне деген шексіз сүйіспеншілік Ұлы жеңістерге қол жеткізетіндігін алға тарта отырып, жастардың өз Отанына деген құрметін арттыру – мұражайдың басты айқын мақсаты болып табылады.

Қорыта айтқанда шылған күннен бергі жылдар ішінде тарихи жәдігерлерді тамашалап  келушілер саны артып, музей жұмысы ілгері басып жандануда.

4.JPG

Бұл қасиетті өлкенің біздер әлі көп біле бермейтін қыры мен сыры ашылмаған ежелгі тарихтан ақпарат беретін тарихи артефактар  мен шешуі табылмаған жұмбақтары толып жатыр. Мәселен, Жаркент өңірінің ежелгі қалалары – Жаркент, Ақкент, Ілебалық, Дөңгене, Тышқан тағы басқа бізге беймәлім елді мекендер мен ерте орта ғасырлық қала, кенттердің қирандылары көптеп саналады. Ол жерлерге археологиялық қазбалар жүргізілсе ел мен жердің тарихы әлі де мыңдаған жәдігерлермен толығып, ата – бабаларымыздың әлемдік өркениетке қосқан үлестері айқындалып, мемлекеттілігіміздің Мәңгілік болуы мен жас ұрпақ тәриесінде де өлшеусіз қызмет атқарары сөзсіз. Сол үшін де бар күш – жігерлері мен білім, біліктерін аямай еңбек жасап жатқан «Жауынгерлік Даңқ музейінің» қызметкерлері: Жұлдыз Асқарбекқызы, Жадыра Чанбаева, Гүлнұр Оңғарбекқызы, Қасенова Ақбөпе, Алипова Төленді, Утепов Патық, Сұлтанов Шалқар сынды әріптестеріме шексіз алғыс білдіре отырып, жанұяларына бақыт, еңбектеріне мол табыс тілеймін!

Мекеме туралы жалпы мәлімет:

Мұражайдың  жалпы көлемі - 291.7 шаршы метр                                  

Соның ішінде экспозиция көлемі - 184,33 шаршы метр

1 – Экспозициялық зал - 31,03 шаршы метр

2 – Экспозициялық зал - 50.02 шаршы метр

3 -  Экспозициялық зал - 50.04 шаршы метр

4 – Экспозициялық зал - 50.06 шаршы метр

Фойе: - 35.01 шаршы метр

Қор сақтау бөлімдерінің көлемі - 11,03 шаршы метр

Қабылдау бөлмесі - 16.04 шаршы метр

Шығармашылық бөлме - 16.01шаршы метр

Гардероб бөлмесі - 7,07 шаршы метр

Тамбур - 9.06шаршы метр

Сан.узел - 4,60 шаршы метр

Кіші дәліз - 8.04 шаршы метр

Негізгі қордағы музейлік мәні бар материалдардың жалпы саны: - 396 (364+32)

Мұражай қызметкерлері туралы мәлімет:

Қызметкерлердің жалпы саны – 8

Олардың:

- Жоғары білімді – 3

- Орта кәсіптік – 2

- Орта білімді – 3

Ғылыми қызметкерлердің жалпы санынан музей жұмысы бойынша еңбек өтілі барлар:

2 жылдан жоғары – 4

1 жылға дейін – 4

Штат бірлігі: - 8

Меңгеруші 1(ставка)

Қор сақтаушы 1

Ғылыми қызметкер 0.5

Экскурсия жүргізуші 1

Зал қараушы 1

Еден жуушы 1

Аула сыпырушы 0.5

Күзетші – 1                                    

Республика: Қазақстан

Облыс: Алматы

Аудан: Панфилов

Қала: Жаркент

Көше: Ә.Қастеев көшесі № 12

Телефон: +7 /72831/ 58231

Бағыты: «Жауынгерлік Даңқ»

Басқару орны: «Алматы облысының мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы» ММ «М. Тынышпаев  атындағы Алматы облыстық тарихи – өлкетану музейінің» МКҚК-нің филиалы.

P.S. Жуырда елімізге белгілі ақын, ағарту саланың үздігі, өлкетанушы, тарихшы Молот Мұсаұлы Солтанаев ағамыз өзінің жеке қорынан ежелгі кезең мен үйсін дәуіріне жататын түрлі тас құралдар мен көптеген құнды көне жәдігерлерді «Жауынгерлік Даңқ музейіне» арнайы тапсырды. Музей басшылығы аталған мұраларды құжатты түрде тіркеп, ғимарат ішінен арнайы орын бөліп, көрнекі жерге орналастырды. Енді музей қонақтары бұл жәдігерлерді де тамашалай алады.

Құрметті жерлестер, егер де сіздің де үйіңізде көненің көзі саналған жәдігерлер болса біздің музейге тапсырыңыз. Бабалар мұрасы саналатын құнды дүниелерді бүлдірмей, жоғалтпай сақтау – музей қызметкерлерінің борышы.


Музей меңгерушісі:

Ибрайымжанов Қали Тұрдығазыұлы

Гуманитарлық ғылымдар магистрі,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Жаркент қаласы.



Ұқсас тақырыптар