Адам өлтіріп, оның қанымен сурет салып келген суретші ұсталды

4.jpg


Венесуэланың Миранда штатындағы Барловенто аймағының билігі адам өлтіргіш суретшіні құрықтады, деп мәлімдеді КТК арнасы.

Каннибал сурет салғанда қан мен күлді пайдаланған.

Қылмыскердің айтуынша, оны салт-жора жасауға жалдаған.  


5.jpg


Луис Альфредо Гонсалес ферманың қожайынын өлтіргенін мойындады.

Айтуынша, қожайын оны өзі жалдап алып, өлтіріп, сосын қанын сурет салғанда қолдан деп тапсырған көрінеді. 

Венесуэла полициясы қылмыс болған жерде өлген адамның күлі мен денесінің қалдықтарын тапты. 

Гонсалес сурет салғанда фермердің қаны мен күлін пайдаланыпты.


6.jpg


Сондай-ақ басқа да адамдардың мүрдесінің қалдықтары мен белгісіз адамдардың төлқұжаттары табылды. 

Полиция енді құжаттардың иесін іздеуге кірісті.  

Каннибал суретшінің картиналары сараптамаға жіберілді.


Ұқсас тақырыптар