Ақтөбеліктер "Алматы" мен "Астанаға" бөлінуді қаламайды

Қазақстан Республикасының  Президенті

Н.Ә. Назарбаевқа,

Республикалық ономастика  комиссиясына,

   Ақтөбе облысының әкімі

Б. М. Сапарбаевқа

Ақтөбе қаласы тұрғындарының

АШЫҚ ХАТЫ

актюб.JPG11.JPG

"Соңғы он жылдықта  Ақтөбе қаласы тұрғындарының саны өсіп, 306 мыңнан 477 мың адамға дейін көбейіпті.Сондықтан қаланы екі жаңа ауданға бөлу туралы мәселе көтерілді. Халықтан Елек, Сазды, Астана, Қарғалы, Бауырластар, Алматы, Абай, Әбілқайыр хан, Бөкенбай батыр, Есет батыр деген бірнеше ұсыныс түскен екен. Соның ішінен қала әкімдігі Алматы мен Астана атауын   ақтөбеліктер  қолдады деген жалған желеумен шешім қабылдаған. Қоғамдық тыңдау да дұрыс өткізілмеді. Халықтың  басым көпшілігінің бұған қарсы екені ескерілмеді. Сондықтан қала және облыс тұрғындары қол қойып, өз наразылықтарын осы ашық хат арқылы білдіреді. Қазақстанның екі астанасының атауын облыс орталығы аудандарының атауына тықпалаудың  еш реті жоқ деп есептейміз. Көпшілік қолдаған ұсынысты ескеріп, іргеде ағып жатқан Елек пен Сазды өзендерінің атымен қаланың екі ауданын атаған дұрыс деп санаймыз. Жер-судың аты – тарихтың хаты. Олай болса, халықпен санаспай қабылданған шешімге жол жоқ! Халықтың пікірін ескеруді Республикалық ономастикалық комиссиядан талап етеміз! Ақтөбе қаласының екі ауданы Елек пен Сазды болып аталсын!", - деп жазылған ашық хатта. 

Ашық хаттың астына мыңдаған ақтөбеліктер қол қойған. Қол қою әлі де жалғасуда. 

скрин қол n (1).jpg


Ұқсас тақырыптар