Қазақстан азаматтығын сатпақ болған шенеунік ұсталды


Қазақстан азаматтығын сатпақ болған көші-қон қызметінің шенеунігі ұсталды. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

 «Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Өзіндік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ҰҚК департаментінің жедел тергеу тобымен бірге әзірленген арнайы операция барысында 10 сәуір күні облыстық ІІД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Н.Төлегенұлын ұстады. Ол Ауғанстанның 4 тумасына Қазақстан азаматтығын алуға көмек көрсету үшін 3500 доллар (шын ақша) және 30 мың доллар (муляж) көлемінде пара алу кезінде ұсталды», - деді Алмас Садубаев.

Оның айтуынша, Н.Төлегенұлы Шымкент қалалық ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Ұқсас тақырыптар