Ережесіз жекпе-жектен Қазақстан чемпионын көлік қағып кетті

9.jpg


Бүгін Қостанайда 15 жасар мектеп оқушысы Владимир Беленикинді көлік соғып кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Жәбірленушінің әкесі Александр Беленикиннің сөзінше, ұлы қазір дәрігерлердің бақылауында.

«Ол таңертең 08:30 шамасында сабаққа бет алды. Бағдаршамның «жасыл» белгісі жанып, жолдан өтпек болғанда баламды көлік қақты. Мұнымен қоса көлік жүргізушісі оқиға болған жерден қашып кеткен. Тасжол үстінде жатқан Владимирді куәгерлер ауруханаға жеткізіп, ұлымның өтінішімен маған хабар берді. Қазір оның жағдайы бірқалыпты. Сүйектері бірнеше жерден сынған, миы шайқалған. Ол өзі соққан көліктің жасыл түсті екенінін ғана біледі. Кінәлі адамды тапқымыз келеді», - деді Александр Беленкин.

Айта кетейік, жәбірленуші Владимир Беленикин панкратионмен кәсіби түрде шұғылданады. Ережесіз жекпе-жектен Қазақстан чемпионы деген атағы бар.

Облыстық ІІД бұл жайтқа қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.



Ұқсас тақырыптар