Оқушылардың үй төбесіндегі қауіпті ойыны: педагогтар қазақстандықтарды сақтануға шақырды

2.jpg


Көкшетау қаласының мектеп басшылары оқушылардың ата-аналарын балаларды әлеуметтік желі арқылы өзіне тартатын қауіпті ойындарға назар салуға шақырды, - деп хабарлады Tengrinews.kz.

 "Мұндай ойындарды ұйымдастырушылар балаларды жабық топтарға алдап қосып, ол жерде түрлі сылтаумен өлімге соқтыратын флешмобқа қатысуға шақырады", - деп жазыпты жолдау авторлары.

 Олар баланың осындай ойынның шырмауына ілінгенін білдіретін белгілерді анықтаған:

- Қара түсті киім таңдау, өліммен астасатын символдары бар болуы мүмкін;

- Сырт келбетінің күрт өзгеруі: самайын қырып тастау, шашын табиғи емес түске бояу;

- Ұйқының бұзылуы: маужырап жүру немесе ұйқының жоғалуы;

- Денесінде тілінген іздердің, күйуі немесе денеге жарақат салудың өзге белгілерінің (тыртық, ойық, тілу, тесу) болуы;

- Үнемі виртуалды өмірде жүруі, желі арқылы хат алмасуға қатты көңіл бөлу (көбіне бейтаныс адамдармен);

- Девайстарына қолжетімділіктің болмауы, компьютерге қосымша құпия сөз орнату, парақшаны аноним қарауға мүмкіндік беретін браузерлерді қолдану;

- Мистикалық фильмдерге және қатыгездік көрсетілген тұстарына қызығу;

- Өзгеше символы бар тату салдыруға деген аяқасты құлшыныс;

- Ата-анасымен қарым-қатынастан қашу және көңіл-күйін жасыру;

- Желілерден қауіпті белгілердің пайда болуы: Әлеуметтік желідегі күйзелісті білдіретін жазбалардың пайда болуы, өз парақшасында өлімге байланысты түнерген бейнелер мен дәйексөздердің пайда болуы. 

"Суреттерде бетін қолмен немесе киіммен қалқалау, осындай суреттерде сұқ саусағын көрсету, бұл өзіне қол салуды меңзейтін фотосуреттер. Медуза, мысық, көбелек, единорог, биіктен, төбеден түсірілген суреттер және жоғары жүзіп бара жатқан киттердің бейнесі қауіпті есептеледі. Әлеуметтік желідегі парақшасында түнерген музыканы сақтау, суицидке бейімділікті анық білдіреді. Егер балаңыздан жоғарыда көрсетілген белгіліердің біреуін болса да байқап, оның өлім тобына мүше болғанынан сезіктеніп жүрсеңіз, оған дауыс көтеріп, дереу доғаруды талап етпеңіз. Кез келген кикілжің ойына алғанын жүзеге асыруға итермелеуі мүмкін. Бастысы бірден мектеп психологына хабарласыңыз", - деп өтініпті мектеп басшылары ата-аналардан.



Ұқсас тақырыптар