Экс-шенеунік әкімдікке көлігімен басып кірді

1.jpg


Nissan Patrol көлігімен Ақтөбе облыстық әкімдігінің ғимаратына кіріп кеткен ер адам 53 жастағы бизнесмен болып шықты. Сондай-ақ, оның экс-шенеунік екені анықталды. Мас жүргізуші 10 күнге қамауға алынған. Оның бауыры "Диапазон"басылымына берген сұхбатында туысының бұл әрекетке қандай жағдайда барған болуы мүмкін екенін айтты. 

Бұл оқиға 12 мамырда сағат 11.56-да болған. Мас жүргізушіге полицейлер тоқтау туралы бұйрық берген, алайда ол ғимараттың есігіне барып соғылған. 

Сөйтсек, мас жүргізуші Ақтөбенің 53 жастағы тұрғыны Бауыржан Анапин болып шықты. Ол - Шалқардағы бизнес-бапкер Бақытжан Анапинның бауыры. 

"Шок! Бауырым өте сауатты адам, "Атамекен" одағында (қазіргі кәсіпкерлер палатасы) жұмыс істеген, қалалық әкімдікте жұмыс істеген, "Нұр Отанда" мүше болған. Тұрмысы жақсы болған, Саздыда 4 бөлмелі пәтер сатып алды. Үш баласы бар, біреуі Чехияда оқып жатыр. Мемқызметтен кейін бизнеске ден қойған. Құрылыс саласында жұмыс істейтінін айтқан. Бағдаршам орнатқан. Тендерге қатысқан", - деді Бақытжан Анапин.

Оның айтуынша, бауыры мұндай жағдайға отбасы жағдайынан туындаған күйзелістен тап болған-мыс. 

"Бауыржан жол полицейлерінен қашқан. Ішкен. Менің білуімше, ол не істеп, не қойғанын түсінбеген. Көлік қоймасына кіргісі келген, оның орнына әкімдікке кіріп кеткенін аңғармаған. Оның анда-санда ішетініне әйелімен ажырасқаннан кейін түскен күйзелісі себеп болуы мүмкін. Ажырасу оған ауыр соққы болды, ішіп кетті", - деп әңгімелеп берді ол бауыры жайлы.

Дереккөз: tengrinews.kz



Ұқсас тақырыптар