Жас қызды тонап, өлтіріп кеткен такси жүргізушісі сотталды

5.jpeg


Шымкентте 24 жастағы қызды тонап, артынша оны өлтіріп кеткен такси жүргізушісі сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  ОҚО-ның Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, түркістандық 26 жастағы такси жүргізушісі 19 жылға сотталды.

"Бұл іс сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 5-тармағы және 99-бабының 1-бөлігі бойынша түсті. Сот отырысында прокурор сотталушыға жаңа айып тақты. Нәтижесінде ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі 10-тармағы бойынша, яғни, басқа қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіргені үшін сотталды. Прокурор 18 жыл сұрады, алайда сот жасалған қылмыстың ауыр болғанын ескере отырып, ер адамды 19 жылға соттады", - деді судья Самиддин Темірәлиев.

Іс материалдарына қарағанда, сотталушы биыл қаңтар айында 24 жастағы Әйгерім Тасболатованы тонап кетіп, кейіннен өлтіріп кеткен.


6.jpeg


Қыздың туыстарының айутынша, олар 11 қаңтарда қызға өздерінің банк картасын берген. Яғни, қыз жақын маңдағы терминалдан жалақысын шешіп алмақ болған. Енді қыздың ата-анасы такси жүргізушісінің қызды банкомат жақтан кездейсоқ көріп қалып, оны күтіп, таксимен өзім апарып жеткіземін деп айтып, артынша қала шетінде өлтіріп кетті деп болжап отыр.

Сондай-ақ, осыған дейін ер адамның қызды өлтірмес бұрын әбден ұрып-соққаны жайлы айтылған еді. Қыз екі апта уақыт іздестірілген болатын.

Тергеу барысында такси жүргізушісінің бұл қылмысты банктегі 40 мың теңге қарызын төлеу үшін жасағаны анықталды. Тергеу мәліметінше, ер адам қыздың шамамен 205 мың теңгесін алып кеткен.

Бірақ қайтыс болған қыздың туыстары соттың бұл шешіміне наразы. Айтуынша, олар ер адамды 25 жылға соттауды сұраған.



Ұқсас тақырыптар