Шымкентте 15 жастағы қыз алпыстағы жездесінен бала тапқан

6.jpg


15 жасында жездесінен бала туып, мұқтаж күйде жертөледе тұрып жатыр. Бұл жайында ktk.kz хабарлады.

ОҚО-да анасының жездесі зорлап, содан нәресте туған жас ана қазір әркімнің аяп берген азық-түлігімен күн көріп отыр. Ал оны зорлаған жездесі он сегіз жылға сотталып кетіпті.

Оның сәбиі екі жасқа толыпты. Жас ананың айтуынша, анасының туған жездесі зорлаған, бірнеше рет төсектес болған ол ақыры жүкті болып қалған. 

Босанған соң әлгі жездесінің әйелі мен екі баласы келіп, құжаттарды жасап береміз, баланы бағуға қаржылай көмектесеміз деп қолқа салыпты. Содан кейін хабарсыз кетіпті. 

Оны зорлаған алпыстағы шал бала-шағасы бола тұра, неліктен бұлай істегені белгісіз. Ол сот үкімімен 18 жылға сотталған. Солан бері туысқандар бір-бірімен араласқанды тоқтатыпты. Жастайынан зәбір көріген жас ана қазір Шымкентте баспанасыз, жұмыссыз, жертөледе күнелтіп жүр.

Қуықтай жерде анасымен, бауырымен баласын қосқанда төрт адам тұрып жатыр. Суық жертөледе нәресте сырқаттанып, тіпті дәрі-дәрмек алуға да қауқарсыз. Бәрі жас ананың шәкіртақысымен күн көріп отыр. Ол колледжде оқиды. Болашақта кондитер болмақ.



Ұқсас тақырыптар