Зорлық-зомбылыққа ұшыраған Қытай қазақтарының жағдайына Қазақстан көз жұмып отыра бере ме?

5.jpg


Бисмилләһир рахманир рахим 

Сыртқы істер министрі АБДРАХМЕНОВ: «Біз күн сайын бұл мәселе бойынша жұмыс жүргіземіз. Cәуірде делегаттарымыз Қытайға екі рет сапарлап барып, осы мәселені талқылады. Соның ішінде Қытайда ұсталған 12 Қазақстан азаматының мәселесі қозғалды. Қытай тарапы ҚХР азаматтығынан шығу процедурасын дұрыс рәсімдемеген. Келіссөздердің қорытындысы бойынша 12 адамның тоғызы босатылды. Қалған үш азамат бойынша жан-жақты жұмыс жүргізіліп жатыр», – депті... Дұрыс, олардыың мәселесі сөзсіз қозғалуы керек.

Сонда деймін де, ол 12-сі Қазақстан азаматы. Ал, бірақ, Қазақстан азаматы емес, әлі Қытайда тұратын (Қытай азаматы), Қытай түрлі сылтаулармен түрмелерге тұғытып, жан түршігерлік азаппен қинап отырған, кейінің ері, кейінің әйелі, кейінің ері де, әйелі де, балалары да қолды болған («саяси үйрену» деп аталатын аты басқа, заты түрмелерде жатқан) жүз мыңдаған қаракөздеріміздің ауыр жағдайы не болмақ? Олардың мәселесін кім қозғамақ? Олардың мәселесіне Жер бетіндегі қазақтың жалғыз Отаны – біз (Қазақстан) араласпасақ, кім араласуы мүмкін?

Осы жолғы екі ел сыртқы істер министрлерінің кездесуінен олар жәйлі біз ерекше үміт күткен едік!...

«Баяғы жартас бір жартас»... болды ғой...

Құл-Керім Елемес



Ұқсас тақырыптар