Өскеменде 3 адам өртеніп кетті

2.jpg

Өскеменде жер үйге жиналып ішімдік ішкен 3 адам өрттен қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиға туралы ақпаратты өрт ауыздықталған бойда таратты. Оқиға «Альшемали» сауда үйінің маңында, Первомайский көшесінің бойында болған. 5 адам жер үйге жиналып, ішімдік ішкені белгілі болды. Оның үшеуі оқиға орнында көз жұмса, қалған екеуі ауыр жағдаймен ауруханаға түскен.

«Қызыл жалын шамамен 100 шаршы метрді шарпып үлгерді. Қазіргі таңда өрт ауыздықталды. Маңайындағы өзге үйлерге таралу қаупі жоқ» делінген департаменттің ресми хабарында.

Өрттің шығу себебі анықталуда. 



Ұқсас тақырыптар