Ақтауда полицейлердің жүргізушіні ұрып-соққаны түсірілген видео пайда болды

4.jpeg

Ақтауда полицейлердің жүргізушіні ұрып-соққаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Lada.kz.

Басылымның мәліметінше, видео 31А, 31Б, Шығыс-2 және Шығыс-3 ықшамаудандарының қиылысында түсірілген. Оқиғаның 24 маусымға қараған түні шамамен таңғы сағат 4-те болғаны анықталды.

Видеодағы кадрлардан жол полициясы қызметкерлерінің Toyota Camry көлігін тоқтатқанын көруге болады. Кейіннен тәртіп сақшыларының бірі жүргізушіні ұрып-соғып, жерге құлатады, жүргізуші болса, оларға қарсылық көрсетіп жатады.


Ұқсас тақырыптар