"Сөйлей алмай, жылай берді" - Шымкентте шабуыл құрбаны болған баланың туыстары

5.jpeg

Шымкентте шабуыл құрбаны баланың әжесі оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды TVK.

Әлеуметтік желілерде таралған видео кадрларынан ер адамның баланы үйдің кіреберісінде кіргізіп, баспалдақ алаңында тұрғанын көруге болады. Сондай-ақ, сыртқы бейнебақылау камерасына жазылған видео тарап жатыр. Онда бір әйелдің үйге кіргенін, артынша ер адамның қашып шыққанын көруге болады. Әйел болса ер адамның артынан қуады. Бұл оқиға №18 ықшамауданда болған. Зардап шеккен баланың жасы 11-де. Оның бұл үйде тұрмайтыны тек әжесіне қонаққа келгені белгілі болды.

"Мен ол кезде жұмыста болдым, бала аулада ойнап жүрген. Бірде маған тұңғыш ұлым қоңырау соғып, баламды белгісіз ер адамның ұрып-соққанын айтты. Содан үй жаққа жүгіріп келсем, аулада көршілер жиналып қалған. Полицейлерді шақырдық. Олар баладан жауап алып жатқанда, ол тіпті сөйлей алмай тұрды, әр айтқан сөзінен кейін жылай берді", - дейді зардап шеккен баланың әжесі.

Басылымның мәліметінше, балаға шабуылдаған ер адамның онда қайдан келгенін ешкім білмейді. Әжесінің айтуынша, ол бастапқыда баланы басқа бір үйдің кіреберісіне кіргізбек болған. Алайда бала оған қарсылық білдірген соң, оны басқа бір кіреберіске кіргізген. Көршілер баланың айғайын естіген соң бұған назар аударған.

"Аулада осы үйде тұратын екі әйел отырған. Содан белгісіз ер адам баламен бірге үйдің кіреберісіне кірген. Сондағы әйелдер оның бұл әрекетіне күдіктеніп, соңынан барған. Сол әйелдерге рақмет айтамын, құтқарып қалды", - дейд баланың әжесі.

Оның айтуынша, дәрігерлер баланы қарап шықты. Қазіргі уақытта ол туыстарымен бірге.

Полициядағылардың мәліметінше, күдікті ұсталды. Ол Шымкент қаласының 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек Еңбекшіқазақ ауданының сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

Еске сала кетейік, мұның алдында шымкенттік зейнеткер балаға шабуылдаған ер адамнан қалай аман алып қалғанын айтып берген еді.

 



Ұқсас тақырыптар