Алматыда «Томирис» фильмінің продюсері із-түссіз жоғалып кетті

1.jpeg

Алматы қаласында «Томирис» фильмінің продюсері болған Анна Чакиртова іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Чакиртованың жақындарының айтуынша, ол 2 шілде күні сағат 21:20 шамасында үйден шығып кеткен. Осыдан кейін оны жаяу жүргіншілер де, көршілері де көрмеген. Күйеуінің айтуынша, осы күнге дейін мұндай жағдай болмаған.

«Сол күні ол 20:00 шамасында менің жұмысымнан шығып үйге қарай кеткен еді. Жол-жөнекей дәріханаға дәрі алу үшін кірген. Әрі қарай ол үйге келді. Біздің екі баламыз бар. Ұлымыз 1997 және қызымыз 1999 жылы дүниеге келген. Ол ұлымызды дүкенге жіберіп, өзі үйде қалған. Ал ұлымыз қайтып келген сәтте ол үйде болмаған. Ұялы телефоны қуатталып жатқан жерінде қалыпты. Ол жауапкершілігі мол жан, бізге ескертпестен бұлай кетіп қалуы мүмкін емес», - деді күйеуі Мұрат Нұғманов.

Сондай-ақ, ол дәріханадан алынған видеожазбадан әйелінің қандай киімде екені көрініп тұрғанын айтты. Анна Чакиртованың туысқандары қандай да бір ақпарат білетіндерден +7 707 272 0945 нөміріне хабарласуды сұрайды.


Ұқсас тақырыптар