Алматыда екі автобус бетпе-бет соғысып қалды

1.jpg

Алматыда Достық даңғылының бойында Құрманғазы мен Абай көшелерінің арасында екі қоғамдық көлік бетпе-бет соқтығысып қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Достық даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысында №12 бағыттағы екі автобус соқтығысып қалды. Олардың біреуі аялдамадан жылжып кеткен (жүргізуші автобусты тоқтатып, тежегішке қойған да, шығып кеткен). Қазіргі уақытта Алматы қаласы ІІД Тергеу басқармасы осы жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Іс бойынша сәйкес сараптамалар жасалады», - деп мәлімдеді Алматы ІІД баспасөз қызметінде.

Қазіргі уақытта белгілі болғандай, жол апатынан 18 адам, соның ішінде, 3 бала зардап шеккен. Оқиға орнына келіп жеткен 10 жедел жәрдем бригадасы азаматтарға тиісті көмек көрсетіп, оларды ауруханаға жеткізген.

Балалардың ата-аналары ауруханаға жатудан бас тартып, олар амбулаториялық бақылауға жөнелтілген



Ұқсас тақырыптар