Денис Тен: "Менің өлгім келмейді"



The Steppe журналы Денис Теннің жарық көрмеген соңғы сұхбаттарының бірін ел назарына ұсынды. Бұл туралы NUR.KZ порталына сілтеме жасап, www.mezgil.kz сайты хабарлайды.



Сұхбатта Қазақстан мақтанышы, әлемге танымал спортшы Денис Тен тағдыр, болашақ жоспар, арманына қатысты өз ойын ортаға салған.

ten.jpg

"Мен өзіме немесе өткен күндегі жұмысыма көңілім толмай, өмірмен қош айтысқанды қаламас едім. Артымнан өшпес із қалғанын қалаймын", - дейді Денис Тен сұхбатында.

Басылымның мәліметіне сәйкес, бұл сұхбат жоспар бойынша әлі жарыққа шықпауы тиіс болған.

"Осы жылдың маусымында, небәрі бір ай бұрын ірі жобаны бастап, Денис Тенді видеосұхбаттың басты кейіпкері ретінде таңдаған едік. Бұл сұхбат бұлай ерте жарияланбауы тиіс еді. Алайда біз ең қымбат туындымен бөлісуді жөн санадық. Денис, бізбен жұмыс істеп, бізге сенім артқаның үшін рақмет", - делінген журналдың желідегі парақшасында.



Ұқсас тақырыптар