«Дауыс көтеріп, шашымды жұлды». Алматылық ару таксиде болған оқиға туралы айтты

2.jpg

Алматы қаласының тұрғыны Дана Сейітбекова таксиде болған таңғалдырарлық оқиға туралы айтып берді. Оның айтуынша, шақыртылған такси жүргізушісі боғауыз сөздер айтып, шашын жұлып, көзілдірігін сындырып, бетінен ұрмақшы болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kzсайтына сілтеме жасап.

Оқыс жағдай 24 шілде күні болған. Бойжеткен арнайы қосымша арқылы Горький саябағынан ЦУМ-ға дейін жету үшін «Комфорт» класындағы такси шақыртқан.

«Такси жүргізушісі маған шабуыл жасады. Ол мен тұрған жерді таба алмағандықтан, екеуіміз телефон арқылы сөйлестік. Сол кездің өзінде ол маған дөрекі сөйлей бастады. Сыпайы түрде дауыс көтермеуін өтіндім. Ол өзінің жағдайды түсіндіріп жатқанын айтып ақталды. Меніңше, ол «келдім» деген батырманы ертерек басып тастаған сияқты. Көлікке отырған кездің өзінде жүргізуші ашуланып отырды. Мен «Тура қазір бұл жерде болмадыңыз» деп едім, «Онда мен аспаннан түстім бе» деп одан бетер ашуланып кетті. Тіпті, «Бірнәрсе ұнамаса, көліктен түсіп кете берсеңіз болады» деп дауыс көтерді», - дейді Дана.



Ұқсас тақырыптар