Прокурор Сайрагүл Сауытбайдың сот залынан босатылуын сұрады

photo5406572555705362754.jpg

Прокурор Сайрагүл Сауытбайды мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін кінәлі деп танып, алты айға бас бостандығынан айыру, бірақ оны шартты жазаға ауыстырып, сот залынан босатуды сұрады, деп хабарлайды Mezgil.kz ақпарат агенттігі.

photo5406572555705362752.jpg

Жаркент қаласында өткен бүгінгі сотқа журналистер, қоғам қайраткерлерікөп келді, сондай-ақ Сайрагүл Сауытбайдың босатылуын талап етіп келгендер қатары да көп болды.

Белгілі қоғам қайраткері Геройхан Қыстаубаев, айыптаушы тараптың өзі Сайрагүлдің бостандыққа шығуын сұрап отырғандығыны қуантарлық іс деп отыр.

«Прокурор өз талабын қойды. Оның екі баласының бар екендігін, оның денсаулығының, отбасының жағдайын ескере отырып 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады және тағы бір бапқа сүйеніп оны шартты түрге көшірсін деді. Сайып келгенде айыптаушы жақ оның толық босап шығуын сұрады. Өйткені ол бұған дейін қамауда болып келді, осының бәрін жазаның өтеуі ретінде қабылдауын сұрап отыр», -дейді Г. Қыстаубаев.

photo5406572555705362755.jpg

Аталған іс бойынша соттың шешімі сағат 15.00-де шығады.

Естеріңізде болса, қытай азаматы әрі этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай мамыр айынан бері Қытай-Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтті деп айыпталып, Жаркент қаласында қамауда отыр.

photo5406572555705362756.jpg


photo5406572555705362758.jpg


Ұқсас тақырыптар