Ақмола облысында жұмыссыз қалғандар алтын ұрлауда

4.jpg

Жұмыссыздықтан алтын ұрлауға оқталған адамдардың бірі ажал құшты. Оқиға Ақмола облысына қарасты Жолымбет ауылында болған. Шортанды ауданына қарасты елді-мекен тұрғындары болса, мұны қалыпты құбылысқа балап отыр. Себебі, ауылда екі қолға бір күрек табу қиын дейді. Тек, осы кен орынымен күнелтіп отырған жұрт күзетшілермен келісіп заңсыз бағалы металл көмбесіне түсетіндерін жасырмады. Тіпті,  оңай олжа үшін  өмірін бәйгеге тігуге де дайын тұрғындар да бар болып шықты. Сомасы металлдың көлеміне қарай 300 мың теңгеден бір миллионға дейін барады екен. Демек, қалтаңда қаржың болса қалағаныңша алтынды көтеріп әкетуге болады. Бұл жәйт бойынша компания өкілдері қандай да бір ақпар беруден бас тартты. Оқиғаның жай-жапсары жайлы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

   Бүгін бұл жерде қалыпты жұмыс күні. Кен орнында қызметкерлер ауысымы жүріп жатыр. Алтынды қазып алу жұмыстары жоспар бойынша атқарылып жатқан секілді. Бірнеше күн бұрын мұнда адам өлімімен аяқталған қақтығыс болғанынан ешкім бейхабар екен. Білсе де білгенін айтқысы келмеді ме, әйтеуір ешкім жұмған аузын ашқан жоқ.

- Скажите пожалуйста вы в курсе что здесь произошло?

- Понятие не имею!

- Төбелес болғаны рас па мұнда?

- Білмеймін.

Ал, түсірілім тобын көре сала, Жолымбет кентінде орналасқан кен орнының өткізу пунктінде тұрған сақшылар бізді концерн аумағына кіргізуден, қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

- Когда руководство выйдет?

- Не выйдет мы же сказали, не выйдет.

Заңсыз кен орнының аумағына кірмек болған бұзақылар өздерінің іс-әрекетіне сенімді болса керек. Тіпті, оңай олжаға кенелмек болған пысықайлар сол жердегі күзетшілерге 300 мың теңге көлемінде ауызбастырық берген дегенде ақпар бар, бірақ оны "Қазақ алтын" концернінің өкілдері растаған жоқ.   

"Жоқ. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Пара беру фактісі болмаған. Тек бір ғана жәйтті растай аламыз. Ол, бұған дейін күзетшілерге кен орнына түсіп алтын алу үшін ақша берген жағдайлар тіркелген. Біз сондықтан, ондай жағдайды болдырмау үшін қазіргі күзет компаниясын жалдадық» - дейді «Қазақ алтын» баспасөз қызметінің жетекшісі Максим Оларь.     

Оқиға дәл осы жерде таң ата бере болған. 11 адамнан құралған топ, Жолымбет кен орнының қоршауын дәл осы жерден кесіп, заңсыз кірмек болған. Сол кезде оқиға соңы төбелеске ұласқан. Қақтығыс салдарынан бір адам мерт болып, біреуі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. 

Концерн басшылары төбе көрсетпеген соң, осы кен орнымен күндерін көріп отырған ауыл жұртын әңгімеге тарттық. Ақша беріп, алтын өндірілетін шахтаға емін-еркін кіріп, қалағанын алып кететіндер жайлы ақпарат жайдан-жай шықпаған екен. Осы жерде талай жыл жұмыс істеп келе жатқан Жолымбет тұрғыны бірәз жайттың бетін ашты.

«Барлығына күзетшілер кінәлі. Алатын ақшаларын алып алады да, кейін кіргізбей қояды. Адамдар ол жерге кіріп пайда табу үшін, миллиондап қыруар қаржы төлейді. Ол жерде үш күзет посты бар, біреуі қаржыны алады, екіншісі кіргізбейді. Сондықтан осындай жағдай болып отыр» - дейді Жолымбет ауылының тұрғындары Нұрлан Рахымов.

 Ажал құшқан адам күзет компаниясының қызметкері болып шықты. Ол ауыл тұрғындарының сөзінше Жолымбетте емес, басқа жақта тұратын көрінеді. Мына видеодан байқағанымыздай, кен орнына кірмек болған бір топ адам оқиға қалай өрбігені туралы өз нұсқасын баяндауда. Айтуларынша, 27 шілде күні таң ата, концерн аумағында арттарынан бір топ күзетші көлікпен қуа жөнелген. Сол жерде жанжал шығып, заңсыз кірмек болған адамдардың бірін сақшылар қызметтік көлігімен жаншып кеткен екен. Қазір зардап шеккен адам ауыр хәлде Шортанды аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

«Заңсыз кірмек болған адамдардың айтуынша күзетшілер ащы суға сылқия тойып алған. Сондықтан қызметтік көліктерімен жаншып кеткен екен. Ол бұзақыларды абайсызда емес, қасақана қаққан. Тіпті, көлігімен артқа бұрылып қайта келіп басып кеткен» - дейді Жолымбет ауылының тұрғындары Нұрлан Рахымов.

«Жолымбет ауылында орналасқан «Қазақалтын» акционерлік қоғамының аумағына еніп кірген жас адамдар тобына қатысты бұзақылық іс әрекеттер фактісі бойынша ҚР ҚК 292 б. 2б. бойынша сотқа дейінгі өндірісі қозғалды. Ал күзет фирмасының өкілі қызметтік автокөлігінде жанжал жасаған қатысушаларын соғып кету фактісі бойынша ҚР ҚК 345 бабы бойынша сотқа дейінгі өндіріс қозғалды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамалары тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде» - дейді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук. 

 Бұл Ақмола облысындағы кен өндіру саласында адам өлімімен аяқталып отырған алғашқы оқиға емес. Бұған дейін, шілде айында  "Алтынтау Көкшетау" компаниясында жұмыс жүргізіп жатқан экскаватор жүргізушісінің үстіне тау жыныстары құлап, екі аяғынан айырылған болатын. Көп ұзамай ол ауруханада көз жұмған еді.   


Ұқсас тақырыптар