Ертіске көлігімен батып кеткен адамның денесі табылды

1.jpg

Ертіске көлігімен батып кеткен азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға тамыздың үшінен төртіне ауған түні болған.

Құтқарушылар жоғалған азаматтың өзінен бұрын көлігін алып шығыпты. Ал денесін екі күн өткен соң ғана «Васильев» өткелінен тапқан екен. Бұл Сарыбел ауылынан, шамамен 25 шақырымдай жерде.



Ұқсас тақырыптар