Талдықорғанда атыс болды: күдікті ұсталды

3.jpg

Талдықорғанның шағын аудандарының біріндегі ойын-сауық кешенінде оқ атқан ер адам ұсталды, деп хабарлады  Tengrinews.kz.

«Бүгін Алматы облысы әкімі аппаратының отырысында Амандық Баталов ІІД басшылығынан ойын-сауық ғимаратында болған оқыс жағдайға қатысты түсініктеме алды. Құқық қорғау органдарының өкілдері күдікті ұсталғанын және одан жарақат салатын тапаншы тәркіленгенін жеткізді», - деп мәлімдеді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалыммұрат Жүкел.

Бұдан басқа Талдықорған қаласында орналасқан ойын-сауық орындарының жұмыс кестесі қайта қарастырылатыны белгілі болды. Мәселе қалалық маслихаттың келесі отырысында қаралады.

Айта кетсек, өткен аптада жұмадан сенбіге қараған түні Талдықорғанның үшінші шағын ауданында тұрғындар атыс шыққанын естіген.



Ұқсас тақырыптар