Қарағанды облысында 30-дан астам үйдің шатырын жел ұшырып кетті

2.jpg

Қарағанды облысында қатты жел соғып, 30-дан астам үйдің шатыры күйреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«20 тамыз күні сағат 20:12-де Нұра ауданына қарасты Тассуат ауылында  екпіні секундына 18 метрге жететін дүлей жел  «Мәдениет үйінің»  шатырының 630 шаршы метр (ғимараттың жалпы аумағы 788 шаршы метр) аумағын, Тассуат орта мектебі ғимараты шатырының 20 шаршы метрін (жалпы аумағы 2518 шаршы метр), жеке 31 тұрғын үйдің және  «Нұра Бидай» ЖШС қоймаларының шатырының 3135 шаршы метр аумағын жұлып әкеткен», делінген хабарламада.

Оқыс оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнында комиссия жұмыс жасап жатыр.



Ұқсас тақырыптар