Қостанайдағы университет қоршауға алынды

6.jpg

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қостанай облыстық Жедел штабы облыс орталығында жоспарлы жаттығу өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті қоршауға алынды. Мұнда Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қостанай облыстық Жедел штабы жоспарлы жаттығу өткізуде. Осыған байланысты, Тәуелсіздік көшесінің Чехов және Бородин көшелерімен қиылысатын учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу қойылады.

Жедел штаб Қостанай қаласының қонақтары мен тұрғындарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, байсалдылық таныту және ресми ақпаратты басшылыққа алуларын сұрайды. 



Ұқсас тақырыптар