Ақтөбеде өзге ел азаматы 12 жасар қыз баланы бірнеше рет зорлаған

4.jpg

Ақтөбе кішкентай қызды қорлаған ер адам қазір қамауда отыр. Ол азаматтық некеде тұрған әйелдің кәмелетке толмаған қызын жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Жалғызбасты келіншек өзге ел азаматымен азаматтық некеде бірге тұрған. Кейін ер адам әйелдің кәмелеттік жасқа толмаған қызына жыныстық қысым көрсетеді. Оған қоса, ол өз әрекеті жайлы ешкімге айтпауын талап етіп, қыз баланы қорқытып қойған.

Немересін өгей әкесі қорлап жатқан жерінен үстінен түскен әжесі бірден бөлімшеге жөнеліп, оқиғаның мән-жайын полицияға айтып берген. Қорқып қалған бүлдіршін үш айдан бері бірнеше мәрте қорлық әрекеттерге тап болғанын жеткізді.

Қазіргі уақытта қылмыстық оқиғаға қатысты Елек полиция бөлімшесінде тергеу жұмыстары жүріп жатыр.



Ұқсас тақырыптар