Астанада кәріз құдығының қақпақтарын ұрлаған екі жігіт ұсталды

2.jpg

8 қыркүйекте елордалық полицейлер Ш.Бейсекова көшесінің бойындағы кәріз құдықтарының қақпақтарын ұрлаған екі Ақмола облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 және 27 жастағы жігіттерге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық жасау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың қала аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатыстарының бар-жоғы анықталып жатыр. Шойын қақпақтар тәркіленді. Жігіттер оны ұрлағандарын мойындады.

Тәртіп сақшылары темір сынықтарын қабылдайтын орындардың бақылауда екендігін атап өтті.

Астана полициясы тұрғындардан кәріз құдықтарының қақпақтарын ұрлауға қатысты кез келген мәліметті мына телефондарға хабарлауын сұрайды: 102 немесе 8 (7172) 71-60-10, 71-67-10, 71-66-11.



Ұқсас тақырыптар