Қостанайда "КамАЗ"-дан ер адамның денесі табылды

3.jpg

Қостанай облысында ауылға жақын маңда жүк көлігінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады sputniknews облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Қостанай облысы Таранов ауданының Жамбаскөл кентінен 12 шақырым жерде КамАЗ көлігінен ер адамның денесі табылды.

Таранов АІІБ қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында күдіктіні анықтады.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы alau.kz жазды.



Ұқсас тақырыптар