Қорғаста қазақстандық шекарашы оңбай соққыға жығылған

2.jpg

"Қорғас" ШЫХО аумағында қазақстандық шекарашы соққыға жығылған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Оқиғадан кейін куәгерлер видеоға түсіріп, Желіге жүктеген. Оның кадрларынан әскери формадағы ер адамның беті қанталап жерде жатқанын көруге болады. Маңындағылар оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп жатыр.

"Видеодағы оқиға "Қорғас" ШЫХО территориясында болды. Алматы облысының тұрғыны Шекара қызметінің әскери қызметшісіне күш көрсеткен, ол оның бетінен жұдырықпен ұрған. Қазіргі уақытта заңбұзушы ұсталды, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде", - деп хабарлады ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.



Ұқсас тақырыптар