Із-түзсіз жоғалып кеткен университет профессоры Алматы облысынан өлі табылды

1.jpg

17 тамыз күні Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграралық университетінің профессоры Ағыбай Смағұлов із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Марқұмның денесі Алматы облысынан табылды деп жазады Sputniknews.kz.

Профессордың жоғалғаны жайлы ақпаратты әлеуметтік желіге Ислам Угушев жариялаған болатын. Туыстары оның соңғы рет Қарайсай ауданында болғанын айтқан. Бүгін ішкі істер департаментіндегілер оқытушының Алматы облысынан табылғанын мәлімдеді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын Ағыбай Смағұловты студенттер тонап, әбден соққыға жыққан болатын. Өзі дәріс беретін университеттің шәкірттері оның 23 млн теңгесін алып, қабырғасын сындырған еді.



Ұқсас тақырыптар