Астанада журналисті өз үйінің кіреберісінде өлтіріп кетті

5.jpg

Астанада 37 жастағы Ирина Бекетованы өз үйінің кіреберісінде өлтіріп кетті, ақпаратты  елордалық ІІД баспасөз қызметі растады.  

Трагедия жайлы әлеуметтік желілерде Любовь Подоляк хабарлады. 

"Біз бір жоғары оқу орнын бітірдік, ұзақ жылдар бойы теміржол саласында бірге жұмыс істедік, біздің кенже балаларымыз бір жылда дүниеге келді. Ол жақсы ана, терең ойлы журналист болды. Өткен аптада жұмысын ауыстыруға шешім қабылдағанын естідім, демалыс күндері қоңырау шаламын деп ойладым. Осындай жас әрі ақжарқын жанның өмірден өткені үшін, оның төрт баласы жетім қалғаны үшін, өз қаламызда қорғансыздың күйін кешіп отырғанымыз үшін көзіме жас келіп, көмейіме өксік тығылды", — деп жазды ол Facebook-те.

Елорда полицейлері 34 жастағы Астана тұрғыны Ирина Бекетованың денсаулығына қасақана ауыр зардап келтіріп, өлтірді деген күдікке ілінгенін хабарлады.   

Полицейлер күдіктіні ұстау шараларын қабылдап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Иринаның төрт баласының үлкені мүгедек екені белгілі болды, кенже егіз балалары енді ғана үшке толған екен. Ирина Бекетованың әріптестері жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қаржы жинап жатыр. 

 

Дереккөз: Sputnik


Ұқсас тақырыптар