Алматыда оқушыны ұрған интернат тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

1.jpg

Алматыда оқушының бетінен шымшып, шапалақпен тартып жіберген тәрбиешінің ісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арналған интернаттың ұстазы бұзықтық жасаған жасөспірімді тақтаға тұрғызып қойып, сыныптастарының көзінше ұрып-соққан. Оқиғаны оқушылар түсіріп, әлеуметтік желіге жүктепті. Ал, көгала қойдай сабалған баланың анасы сеніп тапсырған мұғалімдерінің іс-әрекетін көріп әлі өз-өзіне келе алмай жүр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Әділет, дорогой мой говорю я тебе? Дорогой мой спокойно ходи говорю. говорю или нет? Тебе говорю?»

Оқушыны бетінен шымшып, жұлқылап, екінші қолымен шапалақпен салып жіберген мұғалімнің әрекеті әлеуметік желіні кешелі бері шулатуда. Оқиға тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арналған 10-шы мектепте болған. Яғни, бұзақылық жасаған жасөспірімдерді интернаттағы екінші аналары ұрып жазалауда. Оқиға 19 қазан күні болғанымен, видеоға түсірген сыныптастары ата-аналарына тек кеше көрсетіпті. 

Сөйтсе, 5-сынып оқушылары бір мезгіл далаға серуендеуге шыққанында мынау интернатқа қабырғалас тұрған үйдің итімен ойнамақ болып тас лақтырады. Ал, қожайыны оған ызаланып, директорге жеткізбек болады. Бірақ, бәрін өзім реттеймін деп тәрбиешісі жолдан тоқтатып, балаларды ішке кіргізіп, біртіндеп тақтаға тұрғызып қойып сабаған.

Ең сорақысы, таяқ жеген Әділет бұл мұндай бірінші жағдай емес дейді. Бұған дейін де талай туфлидің өкшесі тиіп, тепкінің астына қалыпты. Бірақ, үйдегілеріне айтуға қорқыпты. 

«Осы ылғи ұрады. Туфлимен ұрады. Тебеді бізді» - дейді зардап шеккен оқушы Әділет. 

Ал, ұлының тақтада сыныптастарының алдында масқараланғанын анасы тек әлеуметтік желіден көріп-білген. Содан, бірден мектепке қарай ұмтылдым дейді. Себебі, баласы таяқтың астында қалғаны жайында тіс жармаған. Алғашында мектеп ұжымы көндіріп, полицейлерге арыз жазбауын өтініпті. Бірақ, ұстаздың өзі келіп кешірім де сұрамағанына ашулы. Бір аптадан бері мең-зең күйде жүрген жалғыз басты ана баласын интернат түгелі сыртқа шығарудан қорқып қалған.

«Баламды мектептен шығарып алған күнде қазір педофильдер көп. наркотик балаларға тарататын көп. сол мектепке сенгендіктен тәрбиешісі бар. директоры бар деп. сол баланы қарайды деп. безопасно деп беріп отырмын» - дейді таяқ жеген баланың анасы Қаламқас Жұмабекқызы.

Ал, мектеп директоры бетін шымшып, масқара болдық дегеннен басқа түк айта алмады. Әйтеуір алты жылдан бері жұмыс істейтінін жеткізді. Ал, оқушыға зәбір көрсеткен ұстаз желтоқсаншы екен. Жалғыз қызы бар ол сол күні-ақ жұмыстан қуылыпты.

«Естіген 1-і күні бірден жұмыстан шығардым. Обходной листтерін толтырып жүрді. Оған орын жоқ қой, масқара ғой. Қанша айтып жатырмыз, қанша айтып жатырмыз: педагогикалық нормадан шықпа деп» - дейді тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арналған №10 мектеп-интернаттың директоры Бибігүл Аманғалиева.

Қазір қалалық ішкі істер департаменті мұғалімнің ісіне қатысты қылмыстық іс қозғапты. Ол қыруар айыппұл төлейді немесе бас бостандығынан да айырылуы мүмкін. Бірақ, Әділеттің анасы кәсіби ұстаздардың мереке қарсаңында оны заң бойынша қудалап, екінші балаларға жолатпауын сұрап отыр. Себебі, бір рет ұрып үйренген адам ол әдетін қоймайды дейді.


Ұқсас тақырыптар