Алматыда екі қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

1.jpg

Жаяу жүргінші екі қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен BMW жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Mezgil.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

ІІД-нің мәліметінше, жол көлік оқиғасы орнынан қашып кетіп, іздеуде болған 25 жасар Ермек Нәсіл қазір тергеліп жатыр. 2 қазан күні уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

«Еске салсақ 26 қыркүйек күні сағат 08.40 шамасында Райымбек даңғылының бойымен келе жатқан автокөлік жау жүргінші екі қызды қағып, оларға көмек көрсетпестен оқиға орнынан қашып кеткен. Бірден куәгерлер оқиғаның қалай болғандығы сұралып, сол маңдағы бейнебақылау камералары тексерілді.  Бұл қылмысты ашу үшін қаланың ІІД-нің жеке құрамына жүктелді. Іздеу шараларын жүргізу барысында сол күні жол көлік оқиғасы белгісі бар "BMW 525І" маркалы автокөлік анықталды. Жүргізуші оны 5-ші ықшамауданда үйлердің бірінің жанына тастап кеткен. Көп ұзамай жол көлік оқиғасына күдікті жүргізушінің де жеке тұлғасы анықталды. Ол 25 жастағы Алматы облысының азаматы болып шықты», -дейді Алматы қаласы ІІД-нің Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімінің басшысы полиция полковнигі Ерік Насырбеков.

Қазір күдіктінің үстінен ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша іс қозғалуда, яғни жол қозғалысы ережесін бұзу мен жол көлік оқиғасы орында тастап кету.

Еске салсақ, Райымбек пен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында жаяу жүруге рұқсат етілмеген жерден өткен екі қызды қатты келе жатқан көлік қағып, оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Зардап шеккендер ауыр халде ауруханаға жеткізілген еді.



Ұқсас тақырыптар