Президент: «Мұғалім мәртебесін айқындайтын заң қажет»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Қазақстан халқына арнаған Жолдауы әлеуметтік мәселлерге баса назар аударатынын айқындады. Президент өңірлерде ұстаздарға кез келген жұмыс тапсырылатынын, аталған мәселені шешу үшін мұғалім мәртебесін айқындайтын заң дайындауды тапсырды.

20181005112355.jpg

«Алдағы жылы педагогтардың мәртебесі туралы заң қабылдау қажет. Ол мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлерге стимул беруі қажет. Оларға орынсыз жүктеме беруді азайту керек», - деді ол.

Президент сөзінше, Жергілікті жерлерде мұғалімдерге кез келген жұмыс тапсырылады. Мұғалімдер сайлау өткізеді. Насихат жұмыстарын да ұстаздар жүргізеді. Бірнәрсе қажет болса, мұғалімдер жіберіледі. Сол үшін оларға ешкім ақша төлемейді. «Бұл жұмыстардан оларды босату керек. Олар сабаққа дайындалу керек қой. Уақытында ғана жұмыс істеуі қажет. Тіпті оларды орынсыз тексере береді. Аталған заң осы үшін қажет», – деді Президент.



Ұқсас тақырыптар