Астаналық мектеп асханаларының 80 пайызы санитарлық нормаларға сай келмейді

2.jpg

Асханалардың 80 пайызы санитарлық нормаларға сай келмейді. Елордалық мектептерді аралауға кіріскен арнайы комиссия осындай қорытындыға келіп отыр. Шіріген тамақ, мерзімі өтіп кеткен азық-түлік тек  бар былықтың шет-жағасы ғана. Бұл туралы мамандардың қатысуымен өткен рейд нәтижесі бойынша Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.   

«Этим кормят наших детей ,это фарш? Ужас».

Бұл әлеуметтік желіде тез таралып, ата-аналар арасында түрлі пікірлер тудырған бейнежазба. Ескертусіз келген комиссия мектеп асханасындағы біраз былықтың бетін ашқан еді. Шіріген азық-түлік, тұрып қалған ет-өнімдері. 

- 20 грамм,

- Ал қанша болу керек?  50 грамм  Яғни 30 грамм кем салып тұрсыздар ғой? 

- Аха

Істің ақ-қарасын анықтау мақсатында  қалалық ата-аналар комитетінің мүшелерімен бірге рейдке өзіміз де шықтық. Алғашқы білім ордасының асханасынан бірден заң бұзушылықтар анықталды. Қоқыс жәшігінде нан мен өзге тамақ қалдықтары жатса, балаларға әзірленген тамақтың сиқы мынау. 

«Мынаның ішінде горох бар, картоппен араласқан. Шұжықтың дәмі жоқ,бала болсам мен де жемеуші едім». 

 «С одной тарелки кушают минимум 3 человека, так не должно быть!»

Мектеп әкімшілігінің сөзінше, асхана меңгерушісіне бірнеше рет ескертулер айтылған. Бірақ .... 

«Мұғалімдер тарапынан айтылады, оны жөндеу жөндемеу. Сын ретінде айтамыз, мұғалімдер еш нәрсеге ат үсті қарамаймыз» - дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бану Төлегенова.

«Вот я обнаружила битые тарелки. Битые тарелки не должно быть...Два стола битые тарелки. Посуданың сынбайтыны жоқ». 

Ыдыс-аяғы сынған, үстелдің үсті сүртілмеген, диспансердің іші бос. Бір сөзбен асхана ішкі тазалықтан жұрдай, дейді ата-аналар комитетінің мүшелері.  Ең қызығы Промышленный тұрғын үй алабындағы екі мектепте бір тасымалдаушы екен.  Бірақ екі білім ордасына әзірленетін астың сапасы екі түрлі болып шықты

- Мына жақтағы басқа мектепке бардық, мына жақтағы шұжықпен дәмдері басқа. Неге? Неге екі түрлі шұжық?

-Оларда бітіп қалған, значит магазиннен алдыра салған.

- Балаларға алдыра салуға құқықтарыңыз бар ма?

- Негізі жоқ, маған оны айтқан жоқ. Яғни ол жағын өзіміз сөйлесіп көреміз.

Яғни асхана меңгерушісінің сөзінше,оқушыларға арнайы құжаты бар шұжықтан бөлек, дүкендегіні де қолдануға болады.  Ал жиырмаға жуық мектепті аралаған қоғам белсендісі Гүлбану Әбенованың айтуынша, мұндай жәйттерге таң қалудың қажеті жоқ. Себебі қаладағы әрбір екінші мектеп СЭС талаптарын сақтамайды, дейді. 

«80 пайыз сақталмайды деп айтуға болады. Қорықпай айтуға болады. Өйткені арзан бір- екі мектепте ғана, тап-таза орны қалай болу керек, бір-екі мектепті ғана айтуға болады. Қалғандары бір жағын сақтаса, екінші жағын сақтамайды. Ережелерге сай келмейді» - дейді қоғам белсендісі Гүлюану Әбенова.  

Мектеп асханасындағы ахуал депутаттардың да көңілінен шықпай отыр. Мәселен, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматтулиннің айтуынша,  білім ошақтарынан тендерді алып тастау қажет. Спикердің айтуынша, түйтікілді мәселердің шешілмеуіне дәл осы кедергі. 

«Мектептерде осы демпинг бағамен алынған тамақтарда сапа жоқ! Сондықтан оны біз дұрыстап қарауымыз қажет» - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин. 

Енді қалалық білім басқармасы өз ісіне салғырт қарайтын мекемелерді електен өткізбекші. Онымен қоса, жыл соңына дейін  қалалық мектептердің барлығын жіті тексеруден өткізуді көздеп отыр. 

«Біріншіден, ескерту беріледі. Егер осындай жағдай қайтадан қайталанатын болып, тағы да екінші рет осындай жағдай орын алатын болса, яғни осы мектеп пен тамақ беруші жеке кәсіпкер арасында келісім-шарттың күші жойылады» - дейді қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Жекебаев.   

Оқу жылының басталғанына  бір ай ғана уақыт өтсе де, мектеп  асханаларында біраз былықтың беті ашылып үлгерді. Осылайша,  баласының не ішіп-жеп жүргеніне алаңдаған ата-аналар  елорданың барлық мектептерін тексеруге бекініп отыр. Сондай-ақ арнайы комиссия құрамына кіргісі келген кез-келген ата-анаға жол ашық,- дейді. Себебі, бүгін анықталған заңбұзушылықтың ертең жалғаспасына кепіл жоқ. 



Ұқсас тақырыптар