Астанада шетелдік 1800 азамат көші-қон заңын бұзған

3.jpg

Астана, BAQ.KZ. Елордада осы жылдың 5 қыркүйекте бастаған «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы жалғасып жатыр. Бұл туралы ПД Жергілікті полиция қызметі хабарлады.

Шара 5 желтоқсанда аяқталады.

Учаскелік полиция инспекторлары 05 қыркүйектен бастап өздерінің аумақтарындағы тұрып жатқан азаматтар туралы мәліметтерді алу және ІІО кезекші бөлімдері мен учаскелік полицейлердің байланыс деректері бар визитттік карталарды тарату үшін пәтерлер мен аулаларда тексеру жүргізуде.

«Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы басталғалы учаскелік инспекторлар 80 мыңнан астам пәтер мен 10000-нан астам жеке үйді аралап шықты. ІІО тіркеуде тұрған 4200-ден астам азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Сондай-ақ, 10000- ға жуық азаматтық қару иелеріне тексеріс жүргізілді.

Жалға берілетін 1000-нан астам пәтер тіркеліп, олар туралы ақпарат Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді.

Жалпы «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы 13000-нан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК ҚР ӘҚБтК 434 б. «Ұсақ бұзақылық» 1500-ден астам, сонымен қатар, 2600-ға жуығы ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабы «Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру» бойынша және т.б.

Қазақстан Республикасының көші-қон заңын бұзған 1800-ден астам шетел азаматы анықталды.

«Учаске» жедел алдын алу шарасының мақсаты – учаскелік полиция инспекторлары, көші-қон, криминалдық және патрульдік полиция және басқа да қызметтердің қатысуымен әрбір учаскелік аумақтардағы құқық бұзушылықтарды алдын-алу болып табылады.



Ұқсас тақырыптар