Алматы көшелерін нөсер жаңбырдан кейін су алып кетті

3.jpg

Алматы көшелерін күні бойы жауған жаңбырдан кейін су басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күні бойы толассыз жауған жаңбыр алматылықтарды бүгін үйде отыруға мәжбүрледі. Кешкі сағат 19:30-де қалаға 7 мм жауын-шашын түсті.

Қалада жүру қиынға айналды, өйткені көшелерде жайылма су басып кеткен. Су жүргіншілер жолы және көшелермен ағып жатыр.

Қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, 28 қазанда жауған жаңбыр кезінде аудандық әкімдіктер мен құтқару қызметтері жайылып кеткен суды ағызу үшін ұтқыр бригадалар кезекшілігін ұйымдастырған. Олардың қатарында 280 адам, 115 арнайы техника, 30 мотосорғы және 5 ассенизатор машинасы бар. Олар арық желісінде судың кедергісіз ағуын қамтамасыз етіп мен су сорғызумен айналысуда.

Сонымен қатар 3 мың қап, 200 тонна құм әзірленген.

Аудан әкімдіктер дауылдық ескертуге дейін арық жүйелерін тазарту және жолдар мен арықтардан жапырақтарды жинап алуды ұйымдастырған. Оған 180 техника мен 1 260 жолға қызмет көрсететін жұмысшы жұмылдырылған. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық әкімдіктердің мәліметінше, қаладағы 13 учаскеде су алып кеткен жерлер ретке келтіріліп, су басқан тұстар жойылған.



Ұқсас тақырыптар