Терроризмді насихаттаған 10 адам ұсталды – ҰҚК

2.jpg

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Алматыда және тағы үш облыста арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Mezgil.kz тілшісі ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласының, Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарының 10 тұрғынын ұстады.

Олар интернеттің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінде жүйелі түрде экстремистік контентті тарату жолымен терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікке ілінген.

"Діни материалдар орналастырылған чаттар мен қоғамдастықтарда Қазақстанның 15 өңірінің діндар тұрғындары қатарынан барлығы 180-нен артық қатысушы тұрған. Сонымен қатар, ұсталған адамдардың терроризмді қаржыландыру мен өзге де көмек көрсетуге жеке қатыстылығы туралы деректер тексерілуде", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.


Ұқсас тақырыптар