Шымкентте туған жездесінен балалы болған бойжеткен жоғалып кетті

7.png

Шымкентте туған жездесінен жүкті болып, өмірге сәби әкелген бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті. Баласымен бірге ауруханада емделіп жатқан жас ананың қайда кеткені белгісіз. Ал дәрігерлер болса, іздеу жұмыстарына байланысты тілшілерге тіс жарып ештеме айтқылары жоқ. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады. 

18 жастағы Аруна Баелова Шымкент қалалық балалар ауруханасына өткен аптаның дүйсенбі күні жедел жәрдеммен келіп түсіпті. Сол кезде 2 жасар бүлдіршіннің өкпесі суықтап, қатты мазасызданған көрінеді. Дәрігерлердің шешімімен, тұрақты ем қабылдауға осы жерге жатқызылған. Алайда, арада бес күн өткенде жас ана баласымен бірге жоғалып кетіпті".

Бірақ, бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы қандай да бір ақпарат бермей отыр. Себебі, тәртіп сақшылары іздеу жұмысын бастап кетіпті. Сондықтан, сотқа дейінгі тергеу амалдарына кедергі келтіруіміз мүмкін дейді басқарманың баспасөз қызметіндегілер. Ал, Арунаның анасы болса, жанын қоярға жер таппай отыр. 

"Бәрі жақсы ма деген едім: "Мама бәрі жақсы, болады!" деді. "Рамазан баламның жағдайы қалай?"- деген едім: "Мама уайымдамаңыз, өзіңіз қалайсыз, ауырып жатқан жоқсыз ба?" деді. "Иә, жақсы, өзіңде бәрі тыныш па?" дегенімде, “бәрі тыныш деген", - дейді А. Баелованың анасы Жанаткүл Баелова.

Жанаткүл Баелова қызы мен немересінің із-түзсіз жоғалып кеткенін өткен аптаның жұма күні естіп біліпті. Содан бері жарғақ құлағы жастыққа тимей, шарқ ұрып іздеп жүр. Оның ойынша, қызы белгісіз ер адаммен көңіл жарастырып кеткен. Өйткені, жоғалардан алдын өзін "ақтөбелік тұрғынмын" деп таныстырған жігіт  оның үйіне жиі келгіштеп жүріпті. Енді міне, арада үш тәулік өткенде, алыстан хабар келіп жетті. Жоғалған ана мен бала Алматыда көрінеді. 

“Тоғыз ай көтеріп, толғатып, ақ сүтімді берген қызым еді. Баласын кішкентайымнан бауырыма басып, ішпей-жемей   соның аузына беріп отырған кездегі менің қызымнан естіген сөзім сол болды. Ұстап алсам қызымды да аямаймын, екеуін де аямаймын” – дейді А. Баелованың анасы Жанаткүл Баелова.

Қазір бұл іспен Қаратау аудандық полиция бөлімі айналысып жатыр. Арунаның байланысқа шыққан соңғы номері де белгілі болған. Сондықтан, оны іздеп табу аса қиынға соқпайды дейді тәртіп сақшылары. 

 Жұртты аяқ астынан елді әуре-сарсаңға салған жас ана Шымкенттегі колледждердің бірінде 2-курста оқып жүрген. Басыбайлы баспанасы болмағандықтан, анасы және кішкентай бауырымен бірге автотұрақтың жер төлесін паналап тұрған. Естеріңізге сала кетейін, 18 жастағы бойжеткен осыдан екі жыл бұрын туған жездесінен жүкті болып сәби сүйген еді. Ал, сол кезде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскені үшін туысы ұзақ жылға сотталған болаты. 


Ұқсас тақырыптар