Соңғы үш жылда мал ұрлығынан 3,5 трлн теңге шығын келген

2.jpg

ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров елімізде мал ұрлығы азаймай тұрғанын айтты.

"Көптеген жыл бойы жалпы қылмыс көрсеткішіндегі мал ұрлығының үлесі 60 пайыздан асады. Соңғы үш жылда мал ұрлығы қылмыстарының ашылу деңгейі шамамен 38 пайызды құрады. Соңғы үш жылда мал ұрлығынан келген шығын көлемі 3,5 трлн теңгені құрады. Олардың жартысына жуығы ғана зардап шеккендерге өтелді. Мал ұрлығы бойынша қылмыстық істердің 90 пайызын заңнама орташа ауыр қылмыстарға жатқызады. Осының салдарынан кінəлілер татуласу процедуралары арқылы жазадан құтылып кетіп жатады", - деді Бекназаров "Мал ұрлаудың алдын алу, болдырмау жəне шешу жолдары" атты дөңгелек үстелде.

Статистика бойынша, қылмыстық істердің 25 пайызы тараптардың татуласу жолымен тоқтатылады. Тек 14 пайызы сотқа жүгінеді.

"Кінəлі адам тиісті жазасын алмаса, ол азаматта "маған барлығын істеуге болады" деген сезім туындайды жəне бұл одан да ауыр қылмыс жасауға жол ашады. Сондықтан мал ұрлығы жиі қайталанып, олар да татуластықпен аяқталып жатады. Яғни, олар жауапкершіліктен құтылады. Бұндай жағдай халықтың құқық қорғау органдарына, сот органдарына ғана емес, жалпы мемлекетке сенімін төмендетеді. Əсіресе, шекаралас облыстарда жағдай қиын болып тұр. Ол жерлерде малын көрші елдер табындап ұрлайды", - деді Сенатта Бектас Бекназаров.

Дереккөз: Baq.kz



Ұқсас тақырыптар