Миллионның әрісі не, берісі не? Немесе кеден бізге не үшін қажет!

IMG_8130.JPG

Алматы қаласындағы «Кеден Контракт» ЖШС уақытша сақтау қоймасынан 3 млн. АҚШ долларынан асатын тауары бар 30 контейнер жоғалып кетті, оның ішіндегі 1 млн. доллар құрайтын жүк мемлекетке тапсырылуы керек болатын. Бұл ел бюджетіне түсуі керек болатын 1 миллион доллар ақша!!! Осы тұста уақытша сақтау қоймасы – бұл кедендік рәсімдеуден өтпеген жүктерді сақтауға арналған ерекше қорғалатын аймақ. Түптеп келгенде, мұнда тексеруден әлі өтпеген шетелден әкелінген жүк келіп түседі, яғни жүктің ішінде кез келген нәрсе болуы мүмкін!!! Енді жүгі бар бірнеше контейнер «Кеден Контракт» ЖШС уақытша сақтау қоймасынан ұшты-күйлі жоғалып кетіп отыр.

Бұл жүктің қожайыны «Жәрдем» Ауғанстан соғысы ардагерлерінің одағы» Қоғамдық бірлестігі болып табылады, оның директоры Ауғанстан соғыс ардагері, орден иегері Әмірбек Шырбаев 2016 жылдан бері ұйымның жүгін таба алмай жүр. 2014 жылдың қазанында «Кеден Контракт» ЖШС уақытша сақтау қоймасынан жүкті 10 автокөлікпен шығарып жатқан жерінен оны  Жетісу көлік прокуратурасының қызметкерлері тоқтатып, жүктің кедендік рәсімдеуден қаншалықты дұрыс өткендігін тексеруді талап еткен.  Жүктің ішінде тісшұқырдан бастап үтікке дейінгі жүздеген тауар түрі болған. Әрине, санақта қайшылықтар болған, өйткені тісұшқыр мен тіс щеткасын кім нақты есептейді дейсің. Прокуратура қызметкелері 10 көлікке салынған бүкіл жүкті сақтау туралы жауапкершілікті «Кеден Контракт» ЖШС уақытша сақтау қоймасына тапсырған. 1,5 жылға созылған тергеудің нәтижесінде 2016 жылы сот мынандай шешім шығарды: Әмірбек Шырбаев 2 млн. теңге мөлшерінде айыппұл төлеп, жүктің 70%-ы «Жәрдем» Ауғанстан ардагерлерінің одағы» Қоғамдық бірлестігіне, ал 30%-ы мемлекет табысына тәркіленуі тиіс болған.

Тек 2017 жылы ғана уақытша сақтау қоймасының басшылығы Алматы қаласы ІІД-не арыз жазған соң ғана Әмірбек Шырбаевқа контейнерді ашып берді. Ал контейнерлердің ішінде ештең болмай, бос болып шыққан. 3 млн. долларға тең жүк ұшты-күйлі жоқ болып кеткен. ІІД-не арыз жазудан түк шыққан жоқ: іс қозғалады да, кейін тоқтатылып тасталады.

«Кеден Контракт» ЖШС-ға шағым жасау да мүмкін емес болып отыр. Өйткені қазір ондай ұйым жоқ. Олардың өз активтері жоқ, ал қойма аумағын жалға алған екен.

Билікке қояр сауалымыз: уақытша сақтау қоймаларына бақылау жасайтын ұйымдар неліктен нарықта өз аумағы, өз қоймасы болмаса да жұмыс жасай береді? Бұл жүкті сақтау және бизнесті қорғаумен байланысты ғана мәселе емес қой, бұл жерде ел мен азаматтарымыздың қауіпсіздігіне де тиісті мәселе қозғалып отыр. Бұлай бола берсе, уақытша сақтау қоймалары арқылы Қазақстанға есірткі, қару, денсаулыққа зиянды тауарлар оп-оңай әкелінуі мүмкін емес пе?

Бұл тұста «тонаудың» астына түсіп, қаусап қалған ұйымның не бір адамның, үнемі мүгедек-ардагерлерге материалдық тұрғыда көмегін аямаған Әмірбек Шырбаевтың жағдайы ғана айтылып тұрған жоқ. Бұл елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін мәселе: қоймалар арқылы жүз мыңдаған тонна әртүрлі тауарлар елімізге шетелден тасылып әкелінеді. Егер қоймаларда тәртіп болмаса, егер қоймалардан ондаған контейнерлер жоғалып, ол жайында ешкім алаңдамайтын болса, егер ІІД мұндай істерді түсініксіз себептерге байланысты жауап тастай беретін болса...ал мемлекет миллиондаған доллардан айырылып, бұған тек Ауғанстан соғысының ардагері Әмірбек Шырбаевқа қана алаңдайтын болса... онда кеденді алып тастауға да болады емес пе? Ол кедендерді ұстауға миллиардтаған теңгені жұмсаудың не керегі бар, егер бүкіл мәселені уақытша сақтау қоймасын бақылайтындардың үнсіз келісімімен шешіп тастауға болатын болса?



Ұқсас тақырыптар