Айдың-күннің аманында Астанадағы депутаттар үйінің тұрғынын тонамақ болған күдікті ұсталды. Арнамызға базынасын айтқан тұрғындар элиталық ауданның өзінде қауіпсіздік шараларының сақталмайтынын айтады. Әбден шошынып қалған жұрт қаскөй алыстан келмеген, пәтер иелері кооперативінде жұмыс істеген деп мәлімдеді. Ең сорақысы ол бұрын сотталған, Өзбекстан азаматы екен. Ал, тұрғын үйге жауаптылардың бұл жөнінде өз болжамы бар. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Бұл оқиға Астананың сол жағалауындағы бай-бағландардың ауданы саналатын дәл осы тұрғын үйде болған. Серуендеп пәтерлеріне қайтып келе жатқан анасы мен қызына үйлерінің дәл кіреберісінде кенет белгісіз біреу бағалы әшекей бұйымдарыңды беріңдер деп бас салған. Алайда, барынша қарсылық танытып баққан тұрғындар қаскүнемдің ойлағанын жүзеге асырған жоқ".
Күдіктіден әупірімдеп сытылып пәтеріне жеткен анасы мен қызы дереу полиция қызметкерлерін шақырған. Алайда, олардың сөзінше оқиға орнына тәртіп сақшылары кешігіп келіпті. Сол жағалаудың қақ ортасында осындай аяқ асты жағдай орын алғанда, басқа жақта не болып жатқанын топшылай беріңіз, дейді зардап шеккендер.
"Вот мы идем. Только что милиция сказала что схватили этого мужика который приставал".
Ай сайын қымбат тұрғын үйдің қызметіне қыруар ақша төлейтін жұрт, қауіпсіздік талаптары сақталмағанына наразы. Сөздерінше төңірек толған бейнебақылау камерасы, соған қарамастан арам пиғылын жүзеге асырғысы келгендер тайраңдап жүр, - дейді.
«Кешкі сағат 6-лар шамасында анам екеуміз кешкі серуеннен қайтып келе жатып, дәл үйдің ауласында бізге белгісіз ер кісі бас салды. Мұндай жағдайды күтпеген біз не істерімізді білмей абдырап қалдық. Желкемізден жұлқи жөнелген ол бар айтқаны алтындарыңды шешіңдер деді. Зәрем зәр түбіне кетті» - дейді зардап шегуші.
Полиция қызметкерлері қаскүнемді ұстаған соң оның Өзбекстан азаматы екенін анықтаған. Бұрын сотталған, көрші елде қылмысы үшін 12 жыл түрмеде жазасын өтегені белгілі болған.
- Вы будете на колени извинение просить. Я вам клянусь я это сделаю.
-Все Александр успокойтесь. Мы будем разбираться.
Өзімен бірге бірде-бір құжаты болмаған күдікті өзін басқа елдің азаматымын деп таныстырыпты. Алайда, тұрғындардың сөзінше ол жерге келуі тиіс болған көші-қон полициясы мүлде төбе көрсетпепті. Тұрғындар бар кінәні күдіктіні жұмысқа алған пәтер иелері кооперативінің бейқамдығынан көреді.
- Я гражданин другой страны. Я буду сейчас требовать адвоката, и все остальное.
-Вы гражданин какой страны?
-Другой. А какая вам разница.
Алайда, қаланың көрікті жерлерінің бірінде орналасқан тұрғын үйге қарайтын пәтер иелері кооперативіндегілер бұрын істі болған, шетел азаматының мекемеде жұмыс істегенін жоққа шығарды. Тіпті, кооператив штатындағы 63 адамның барлық құжаттары толық екенін сендіріп бақты.
«Ол кісі айтыпты ол біздің КСК-ның жұмысшысымын деп. Но, бізде ондай жұмысшы жоқ. Бізде жұмысқа қабылдаған кезде приказымыз бар официальный, бізде постоянно проверкадан өтеді. Сіздер білесіздер Астананың қақ ортасында тұрған үйде ондай болу мүмкін емес. Тем более, бізде ондай өзбек деген ұлтты бөліп жатқан жоқпын, ондай бізде сотруднигім жоқ» - дейді Пәтер иелері кооперативінің төрайымы Айсұлу Жұмжаева.
Мәселенің анық-қанығымен жақсы таныс қалалық полиция департаменті өкілдері болса ұсталған адам бойынша барлық тергеп-тексеру шаралары жүріп жатқанын айтады.
«Қала тұрғынын тонамақшы болған 36 жасар Өзбекстан азаматы ізін суытпай полиция қызметкерлері құрықтап, ол қазір уақытша қамау изоляторына қамауға алынды. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр» - дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Софья Қылышбекова.
Дегемен, оқиғадан әбден жүректері шайылып қалған анасы мен қызы шындықтың түбіне жетпей тынбаймыз деп отыр. Тіпті, күдіктіні елден депортациялауға дейін баруға дайын.