Зорлық-зомбылықсыз 16 күн

1.JPG

Әйелдерге қатысты  әр түрлі дискриминация түрлерін жою туралы Конвенцияға сәйкес Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтті.

Оқу орнының Баспасөз орталығының таратқан ақпаратына сүйенсек, университет жанындағы Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеу институты ұйытқы болған шараның мақсаты – әйелдердің теңдігіне, қауіпсіздігі мен бостандығына қатысты құқықтар мен қағидаларды жан-жақты талқылау, нақты шаралар қабылдау.

2.JPG

Нәзікжандылардың лайықты өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасау, құқықтық сауаттылықты арттыру орайында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу де осы акция аясында қарастырылды.

– Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әлемнің барлық аймағында таралған және кез келген қоғамда кездесетін жағдай. Нәзікжандыларға қатысты зорлық-зомбылық жасау мәселесі тек нәсілдігін, әлеуметтік ортасын, шығу тегін ғана қозғап қоймай, сонымен қатар басқа жағдайлардан туындайды. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесін дамыған мемлекеттердің өзі жеңе алмай келеді. Бұл құбылысты тоқтату жолдарын қоғам шешуге тырысады. Аталған өзекті жайт туралы тек акция қарсаңында ғана емес, күнделікті айтылу керек, – дейді шара ұйымдастырушылары.

3.jpg

Айта кетейік, Қыздар университетіндегі «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында жүргізілді. Оның аясында жалпыуниверситеттік дөңгелек үстелдер, ақпараттық-танымдық дәрістер мен кездесулер ұйымдастырылды. 



Ұқсас тақырыптар