Ресей мен Беларусьтен әкелінген құс еті мен шұжықтан зиянды заттар анықталды

3.jpg

Қазақстан Республикасына әкелінген азық-түлік өнімдердің құрамында тыйым салынған және зиянды заттар анықталды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтемемен «ҚазАқпарат» ХАА хабарлайды.

ҚР АШМ азық-түлік өнімдеріне мониторингтік зерттеу жүргізу қорытындылары бойынша, ресейлік және беларусь өнімдерінің нормаларға бастапқы сәйкессіздікті анықтауына байланысты Ресейдің Агапов ауданынан әкелінген бройлер балапандарының етінен дайындалған рагуда мезофилді аэробты және факультативтік анаэробты микроағзалар санының көп болуын анықтап, күшейтілген зертханалық қадағалау режимін енгізген.

Сондай-ақ, ресейлік «Благояр» сауда белгісінің қатырылған бройлер балапанының сирағынан мезофилді аэробты және факультативтік анаэробты микроағзалардың көп болуы, Ресейдің Ставрополь өлкесінде, Челябинск облысы, Нагайбакский ауданында шығарылатын бройлер балапандарының етінен жасалған қатырылған  жартылай фабрикаттар, сорпа жиынтығынан патогендік микроағзалар, соның ішінде сальмонелла анықталған.

Зертханалық зерттеу қорытындылары бойынша, Ресейдің Мордовия Республикасында «Атяшевский» ет өңдеу кешенінде шығарылатын өнімдердің арасында В категориясындағы «Утренние» қатырылған шұжық өнімдерінен ішек таяқшасы тобының бактериялары анықталды.

Ал Беларусь Республикасының «Дружба» құс фабрикасы ААҚ-да дайындалатын бройлер балапаны етінен патогендік микроағзалар, соның ішінде сальмонелла анықталған.



Ұқсас тақырыптар