Смағұл Елубаев: Бос жатқан жер – жау шақырады

3.jpg

Қазір біздің халық саны аз, жеріміз бос жатыр. Бос жатқан жер жау шақырады. Алдымызда осы жерді халыққа қалай толтырамыз деген мәселе болу керек. Бұл туралы жазушы Смағұл Елубаев «Наркескен» - интеллектуалдық-пікірсайыс клубының кезекті отырысында айтты.

Оның айтуынша, қазақ әйелдеріне жағдай жасау керек. Өзге елдерді қойып, көрші Ресейдің өзінде әр туған балаға қомақты ақша бөлінеді.

“Қазір көпбалалы аналарға төленетін 16 мың теңгені ерлік сияқты етіп қайта-қайта айтып жүрміз. 16 мың теңге бес балалы үйдің бір апталық шайына да жетпейтін нәрсе.  Біз көпбала мәселесіне селсоқ қарап отырмыз. Оларға жағдай жасалу керек, үй мәселесі шешілу керек. Халық саны азайса үкіметте әлсірей береді. Сондай-ақ, Ресейдегі 1,5 млн қазақтың бәрі орыстанып жатыр, қазақ тілінен кетті, қытайда да миллиондаған халық бар. Солады қайтсекте көшіруіміз керек. Шетелдегі бес миллиондай қазақты көшіре алмасақ, осынау ұлы даланы сақтап тұру бізге қиын болады”,-дейді ол.

Сонымен қата ол, совет үкіметі тұсында халық санына қатысты статистикалық мәліметтер бұрмаланғандығын айтып, қазір тек өз тарихшыларымыздың деректеріне ғана сенетіндінін жеткізді.

“Александр Шуващников деген орыс тарихшысының Орынборда 1921 жылы “Очерки историй казахской степи” деген кітабы шыққан. Ол қазақ тарихын зерттеген. Сол кітаптың кіріспесінде  1911 жылғы статистика бойынша қазақтардың саны 8,5 млн деп көрсетілген. Ол сандарды Шуващников ауадан қармап алып отырған жоқ. Демек, революцияға дейін қазақтың саны сегіз миллиондай болатын болса, азамат соғысы, ашаршылық кезінде көп шығын болған. Алаш орда сол тұста үлкен жиын өткізіп, онда Мұхтар Әуезов сөз сөйлеген. Сонда ол 1921 жылғы ашаршылықта 1 млн 700 мың қазақ қырылды деп мәлімдеме жасаған. Оны Тұрсын Жұртпай тауып алып, жариялаған болатын. Одан кейінгі санақтадың көбіне мен сенбеймін.  Өйткені Сталин санақтың нәтижесін бұрмалап, қазақтың санын көбейтіп жазуы әбден мүмкін.

1932-1933 жылғы ашаршылықтың деректерін бәрі орыс түпнұсқаларынан алады. Өзім ресейлік ғалымдардың Қазақстандағы ашаршылық туралы көзқарастарына сенбеймін. Оның түбі саясаттанған, табиғаттың, ауа райының әсерінен қазақ қырылған деген жалған ақпарт таратқан совет үкіметі. 30-жылдардағы ашаршылықтың өзінде Совет үкіметі Қазақстанды төмпештеп жатқан. Бәлембай мың тонна астық, бәлембай тонна ет өткізіңдер деп бұйырып жатты. Сондықтан мен қазақстандық санақтарға, деректерге ғана сенемін. 1997 жылы тарихшы Талас Омарбеков бастаған комиссия 30-жылдардағы ашаршылықта 2 млн 300 мың адам қырылды деді. Оның алдында Алашордалықтар 20-жылғы ашаршылықта 1 млн 700 мың адам өлді деген. Сонда барлығы 4 миллиондай адам өлген, мен осы деректерге сенемін”, -деді ол.

Сөз арасында ол, 2012 жылы ашаршылықтың 80-жылдығында президент “егер ашаршылық болмағанда біз 45 млн болар едік” дегенін айта келе қазір біз 30 млн адамды жоқтап отырғанымызды жеткізді.

Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар