7 қызды дүниеге әкелген әйелді 9 жыл отасқан жары «ұл тумадың» деп тастап кеткен

4.jpg

7 қызды дүниеге әкелген көпбалалы ана 9 жыл отасқан жарының «ұл тумадың» деп теріс айналып, отбасын тастап кеткенін Еуразия бірінші арнасындағы «Кеш қалмайық» бағдарламасының студиясында айтып берді. 

Өзінің анасы перзентханада босану үстінде қайтыс болып, ана сүтін ембеген, әкесінен 8 жасында жетім қалған әйел әркімнің босағасын паналайды. Жетімдіктің, жалғыздықтың зардабын көп көрген келіншек өз алдына отбасын құрғанда көп баланы дүниеге әкелем деп мақсат қояды. Алланың жазуымен 7 қызды дүниеге әкелген алтын құрсақты ана жарынан алғыс алмай, ұл тумадың деген жазғыруына ұшырайды. Тіпті енесі де төртінші қыздан кейін «енді тума» деп кеңес берген. Тағдырдан теперіш көрген ана бұл күнде әлдекімнің бөлмесін жалдап, 7 баласымен өмір сүруде. Заң жүзінде ажыраспаған күйеуінен алимент де ала алмайтын көрінеді. 


Ұқсас тақырыптар