Сириядағы қазақ қызы: Еркектер алдымен үйленеді, содан соң әйелдерін сатып жібереді

4.jpg

Сирияға кеткен қазақ қызының жасы небәрі 26-да. Осыған дейін ол екі рет күйеуге шығып үлгеріпті. Олардан 5 бала дүниеге әкелген. Бұл туралы ол ANF News басылымына берген сұхбатында айтып берді.

Келіншектің Сирияға кеткеніне бес жыл болыпты. Араб тілін жетік меңгерген. Есімін Канара деп атаған ол Сирияға өз еркімен барғанын айтып отыр.

Сирияда қазақ қызы түрі қазаққа ұқсайтын жігітке күйеуге шыққанын айтады. Одан 3 бала дүниеге әкеліпті. Бірақ күйеуі соғыста қаза боп кеткен. Канара Шаддади қаласына барып, ол жерде тағы бір жиһадшыға тұрмысқа шыққан. Одан екі бала табады.

Канараның айтуынша, Сириядағы еркектер алдымен үйленіп алады да, содан соң әйелдерін басқаға сатып жібереді екен. Ол бірнеше рет қашпақшы болған. Бірақ ДАИШ құрамындағылар оны шетелдіктер ұстап алса, өлтіретінін айтқан. Сондықтан ешкімге жақ ашпауын талап етіпті.

Бес баласымен Хасекадағы Хоул лагерін паналаған Канара сұхбатында өзінің Қазақстанға қайтып оралғысы келетінін жеткізген.

Дереккөз: Nur.kz



Ұқсас тақырыптар